Студенттердің эмоционалдық интеллектісінің екі сигналдық жүйенің арақатынасымен өзарабайланысын зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS202593202Аннотация
Мақалада студенттердегі эмоционалдық интеллект пен сигналдық жүйелердің арақатынасы арасындағы байланысты зерттеу нәтижелері берілген, оның мақсаты эмоционалды интеллект пен бірінші және екінші сигналдық жүйелердің құрамдас бөліктері арасындағы байланыстың болуын анықтау болды. Кәсіби дайындықтың әртүрлі бағыттарынан 340 респондентті (241 қыз және 99 ұл) қамтитын іріктеу бойынша эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу мақсатына сәйкес келесі әдістер қолданылды: Эмоциялық интеллект сауалнамасы (EmIn) Д.В. Люсин, екі сигналдық жүйенің байланысын диагностикалауға арналған Б.Р. Қадыров сауалнамасы. Спирмен критерийін қолдану арқылы корреляциялық талдау нәтижесінде сигналдық жүйелердің шкалалары мен эмоционалдық интеллект компоненттері арасындағы байланыс анықталды. Оның үстіне, егер өзін-өзі реттеу, аналитикалық ойлау, ерік пен өзін-өзі бағалау эмоционалды интеллект көріністерімен жағымды байланысты болса, эмоционалдылық, қиялдау және алаңдаушылық сияқты қасиеттерді көрсету эмоционалдық интеллекттің төмен деңгейінің жағымсыз салдары болып табылады. Екінші сигналдық жүйе жүйке жүйесінің жұмысымен және онымен байланысты психикалық әрекетпен анықталатын эмоционалды интеллект компоненттерімен тығыз байланысты және жеке тұлғада эмоционалды интеллекттің көрінуіне әсер ететіні анықталды.
Түйін сөздер: эмоционалды интеллект, бірінші сигнал жүйесі, екінші сигнал жүйесі, жүйке жүйесі, психикалық әрекет.