Авторларға арналған ақпарат
Журналда материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті.
Авторларға қойылатын талаптар (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз):
Редакциялық алқа журналдың ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақаланы тек журнал сайтының функционалдығы арқылы (Open Journal System) электронды форматта жүктеу ұсынылады (doc .docx, .RTF форматында).
Шрифт кегелі – 12 (аңдатпа, кілттік сөз, әдебиеттер – 10, кесте мәтіні – 9-11), шрифт - Times New Roman, теңестіру - мәтіннің ені бойынша, интервал – бір, абзац шегінісі – 0,8 см, жиегі: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол және оң – 2 см.
Суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б. нөмірленуі мен атауы көрсетіле отырып тікелей мәтінде ұсынылады (мысалы, Сурет. 1 - сурет атауы). Суреттер, кестелер, графиктер және диаграммалар саны мақаланың барлық көлемінің 20% - ынан аспауы тиіс (кейбір жағдайларда 30% - ға дейін).
Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпаларды, түйінді сөздерді, библиографиялық тізімді есепке алмағанда) 3000 сөзден кем болмауы және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар үшін 7 000 сөзден және жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар үшін 1 500-7 000 сөзден аспауы тиіс.
Авторлар МІНДЕТТІ ТҮРДЕ Open Journal System жүйесіндегі ілеспе хатта жолданатын мақала/қолжазбаның бұрын еш жерде жарияланбағанын және мақалада оларға сілтеме жасамай басқа жұмыстардан алынған мәтін үзінділері жоқ екенін көрсетуі тиіс.
Мақаланы жариялау үшін төлем тәртібі мен төлемақысы "Қазақ университеті" баспа үйімен белгіленеді және автор ол сыртқы рецензенттер мен ғылыми редактор мақұлдағаннан кейін жүргізіледі.
Мақала құрылымы:
Бірінші бет:
- Бірінші жол – ҒТАМА нөмірі (ерекше жағдайларда ӘОЖ), теңестіру – сол жақ жиек бойынша, қаріп – жартылай қалың.
- Мақала атауы (Тақырып) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсете отырып, оқырман назарын аударуы қажет. Атауы қысқа, ақпараттық болуы және жаргон немесе қысқартулар болмауы керек. Тақырыптың оңтайлы ұзындығы - 5-7 сөз (кейбір жағдайларда 10-12 сөз). Мақаланың атауы орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ұсынылуы тиіс. Мақала атауы жартылай қалың қаріппен кіші әріптермен, теңестіру – ортасында беріледі.
- Мақала авторы(лары) – Аты – жөні, жұмыс орны (үлестес), қала, ел, email-орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде. Авторлар туралы мәліметтер жай қаріппен кіші әріптермен, теңестірілуі – ортасында күйінде ұсынылады.
- Аңдатпа орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде көлемі 150 сөзден кем емес.
- Аңдатпа құрылымы келесі МІНДЕТТІ тармақтарды қамтиды:
- Зерттеу тақырыбы туралы кіріспе сөз.
- Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары.
- Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызының қысқаша сипаттамасы.
- Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы.
- Негізгі нәтижелер мен талдау, зерттеу жұмысының қорытындылары.
- Жүргізілген зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі).
- Жұмыс қорытындыларының практикалық мәні.
- Түйінді сөздер/сөз тіркестері – саны 3-5 сөзден орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде.
Келесі бет (жаңа):
- Кіріспе келесі негізгі элементтерден тұрады:
- Тақырып таңдауды негіздеу; тақырыптың немесе мәселенің көкейкестілігі. Негізін қалаушылардың тәжірибесін сипаттау негізінде тақырыпты таңдауды негіздеуде проблемалық жағдайдың болуы туралы хабарланады (зерттеулердің болмауы, жаңа нысанның пайда болуы және т.б.). Тақырыптың өзектілігі осы нысанды зерттеуге деген жалпы қызығушылықпен анықталады, бірақ туындаған сұрақтарға толық жауаптардың болмауымен, ол тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығымен дәлелденеді.
- Жұмыстың нысанын, тақырыбын, мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдерін, гипотезасын және мәнін анықтау. Зерттеудің мақсаты тезистің дәлелі, яғни зерттеу тақырыбын автор таңдаған аспектіде ұсынумен байланысты.
- Ақпараттар мен әдістер - ақпараттармен мен жұмыс барысын сипаттаудан, сондай-ақ пайдаланылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруы керек.
- Зерттеу мәліметінің сипаттамасы немесе мазмұны оның сапалық және сандық жағынан көрсетілуін қамтиды. Мәліметтер сипаттамасы - тұжырымдар мен зерттеу әдістерінің дұрыстығын анықтайтын факторлардың бірі.
- Бұл бөлімде мәселенің қалай зерттелгені сипатталады: бұрын жарияланған белгіленген процедураларды қайталамай-ақ толық ақпарат беру; материалдар мен әдістерді қолдану кезінде міндетті түрде жаңалық енгізе отырып, әдістерді (бағдарламалық жасақтаманы) сәйкестендіру және материалдарды сипаттау қолданылады.
▪ Ғылыми әдістеме мыналарды қамтуы керек:
▪ - зерттеу сұрақтары;
▪ - алға қойылған гипотеза (тезис);
▪ - зерттеу кезеңдері;
▪ - зерттеу әдістері;
▪ - зерттеу нәтижелері.
- Әдебиетке шолу секциясында - шетел авторларының ағылшын тіліндегі зерттелетін тақырыбы бойынша іргелі және жаңа еңбектері (15 еңбектен кем емес), осы еңбектердің ғылыми үлесі тұрғысынан талдау, сондай-ақ сіз өз мақалаңызда толықтыратын зерттеудегі олқылықтар қамтылуы тиіс.
- Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілтемелер немесе өзіңіздің жетістіктеріңіз туралы орынсыз пікірлер, алдыңғы жұмысыңызға сілтемелер болуына ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ҚАЖЕТ.
- Нәтижелер және Талдау жасау бөлімінде - сіз алған зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау келтіріледі. Зерттеу барысында алынған нәтижелер бойынша қорытындылар келтіріледі, негізгі мәні ашылады. Бұл, мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі. Мұнда сіздің жұмысыңыздың нәтижелерін талдау және алдыңғы жұмыстармен, талдаулармен және қорытындылармен салыстырғанда тиісті нәтижелерді талқылау қажет.
- Қорытынды, тұжырым - осы кезеңдегі жұмысты қорытындылау және жалпылау; автор ұсынған тұжырымның ақиқатын растау және алынған нәтижелерді ескере отырып ғылыми білімнің өзгеруі туралы автордың қорытындысы. Қорытындылар дерексіз болмауы керек, олар белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін жалпылау үшін әрі қарай жұмыс істеу ұсыныстарын немесе мүмкіндіктерін сипаттай отырып қолданылуы керек.
- Қорытындының құрылымы келесідей сұрақтарды қамтуы тиіс:
- Зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай? Қандай нәтижелер алынды? Қандай тұжырымдар бар? Алынған нәтижені енгізу, қолдану перспективалары мен мүмкіндіктері қандай?
- Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі немесе Библиографиялық тізім жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттарға арналған 10-нан кем емес әдебиеттер атауларынан және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарға арналған 15 атаулардан тұрады және ағылшын тіліндегі атаулар жалпы санның кемінде 50% - ын құрауы тиіс. Әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болған жағдайда, әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісі – түпнұсқада, екіншісі – романизацияланған алфавитпен (транслитерация).
- Романизацияланған әдебиеттер тізімі келесі түрде қойылуы қажет: автор(-лар) (транслитерация) http://www.translit.ru → (жыл жақшада)→мақала атауы транслитерацияланған нұсқада [мақала атауын ағылшын тіліне квадрат жақшада аудару], орыс тілді дереккөздің атауы (транслитерация немесе ағылшын атауы – егер бар болса), шығу туралы деректер ағылшын тіліндегі белгілеуде.
Мысалы: Gokhberg L., Kuznetsova T. (2011) Strategiya-2020: novye kontury rossiiskoi innovatsionnoi politiki [Strategy 2020: New Outlines of Innovation Policy]. Foresight-Russia, vol. 5, no 4, pp. 8–30. Әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен ұсынылады, оны өзінде тек мәтінде келтірілген жұмыстар ғана.
- Орыс және қазақ тілдеріндегі әдебиеттер тізімін рәсімдеу стилі МемСт 7.1-2003 " Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелеріне" (БҒСБК тізбесіне кіретін басылымдарға қойылатын талаптар) сәйкес.
- Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар үшін әдебиеттердің, сондай-ақ ағылшын (басқа шет) тіліндегі дереккөздердің Романизацияланған тізімін рәсімдеу стилі - American Psychological Association (http://www.apastyle.org/), жаратылыстану және техникалық бағыттар үшін – Chicago Style ((chicagomanualofstyle.org).
- Бұл бөлімде төмендегілерді ескеру қажет:
- Ғылымның осы саласында қолданылатын және автордың жұмысы негізделген озық зерттеу әдістері, негізгі ғылыми жарияланымдар дәйексөзбен келтіріледі.
- Шамадан тыс өзіндік дәйексөзден аулақ болыңыз.
- ТМД/КСРО авторларының жарияланымдарына шамадан тыс сілтеме жасаудан аулақ болыңыз, әлемдік тәжірибені қолданыңыз.
- Библиографиялық тізімде мақаланың тақырыбы бойынша танымал шетелдік авторлар мен зерттеушілер жариялаған іргелі және өзекті тақырыпатағы еңбектер болуы керек.
- Дәйектеме жасалынған жұмыстарға сілтемелер әлеуметтік-гуманитарлық бағыт мәтінінде жақшада, яғни, бірінші авторды, басылып шыққан жылын, бет санын көрсете отырып беріледі. Мысалы, (Залесский 1991: 25). Әдебиеттер тізімінде бір жылда басылған бір автордың бірнеше жұмыстары болған жағдайда, онда басылым жылына қосымша "а", "б" әрпі қосылады. Мысалы, (Садуова, 2001а: 15), (Садуова, 2001б, 22). Жаратылыстану ғылымдары мақалалары үшін сілтемелер мәтінде дәйексөз жұмыстардың пайда болуына қарай нөмірлеуді көрсете отырып, шаршы жақшада ресімделеді.
Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үшін Mendeley Reference Manager құралын пайдалана аласыз.
Мақала жариялау құны - 2000 теңге / бет
Реквизиттер:
«әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Индекс 050040
Мекенжай: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71
БИН 990140001154
КБЕ 16
АО «Қазақстан Халық Банкі»
ИИК KZ96018861000945341 – тенге
БИК TSESKZKA