Журнал туралы

Журнал «ҚазҰУ хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы» 1993 жылы құрылды. Журналдың негізін қалаушы және баспагері - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Журналдың жоо көрсетілген титулдық беті, басылымның шығу ақпараты, ISSN, eISSN, редакция алқасы, редакциялық саясат, жарияланым этикасы және веб-сайты әзірленген және бекітілген.

Журнал жылына 4 рет шығады.

Журнал мақалалары CrossRef дерекқорында тіркеледі және әр автордың мақаласына DOI - электронды құжаттарға сілтеме, анықтама беру және шығару үшін қолданылатын сандық объект идентификаторы тағайындалады. Журнал «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰҒТЭО) Қазақстандық сілтемелер базасында (KazBC) индекстелген. Сонымен қатар журнал оқырмандар үшін ашық қол жетімді жерде elibrary.ru Ғылыми электрондық кітапханасында орналастырылған және «Ресейдің ғылыми дәйексөз индексі» (RSCI) талдамалық мәліметтер базасына енгізілген. Журналдың редакция алқасына қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар кіреді. Журнал авторлық басылымдардың ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігі саясатын ұстанады, мақалалар журналдың https://bulletin-psysoc.kaznu.kz сайтында үш тілде толық мәтінді қол жетімділікте орналастырылған.

Журналдың мақсаттары мен міндеттері

Журналдың мақсаты - психология, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыстың маңызды мәселелерін ашатын кәсіби талқылау алаңы болу; фундаменталды және қолданбалы психология, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс салаларында ғылыми коммуникация үшін ортақ кеңістікті құру және қолдау; ғылыми топтар мен жекелеген авторлардың ғылыми-педагогикалық қоғамдастыққа іргелі және қолданбалы ғылым саласындағы зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну.

Журналдың міндеттері:

- фундаменталды және қолданбалы психологияның, әлеуметтанудың, әлеуметтік жұмыстың әртүрлі салаларында маңызды жаңа ғылыми нәтижелерді бөліп көрсету. - бюллетень авторларының ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелерін білікті, сапалы және уақтылы қамту бойынша халықаралық және аймақаралық ғылыми үйлестіру функцияларын қамтамасыз ету.

- магистранттардың, докторанттардың, практиктердің психологияның, әлеуметтанудың, әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер нәтижелерін кеңінен қамтуда ашық мен қол жетімді ортасын құру.

- ғылыми және ғылыми-педагогикалық қоғамдастықтың, сондай-ақ жас және жаңадан бастаған ғалымдардың журналға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, оған Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы, жақын және алыс шетелдегі психологтардың, әлеуметтанушылардың, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби сұраныстарына ие болу.

Журналдың тақырыптық бағыттары

Журнал келесі тақырыптық бағыттар бойынша психология және әлеуметтану саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялайды:

  • жалпы және әлеуметтік психология саласындағы іргелі зерттеулер;
  • балалар психологиясы және отбасы мен неке психологиясы;
  • қолданбалы психология саласындағы зерттеулер (ұйымдастырушылық психология, спорт, әскери, экономикалық психология және т.б.);
  • қазіргі әлеуметтанудың жалпы сұрақтары;
  • әлеуметтік өмір салалары, әлеуметтік құбылыстар мен институттар әлеуметтануы; • ғылыми және қолданбалы әлеуметтану;
  • психология және әлеуметтану саласындағы соңғы зерттеулердің нәтижелері және оларды талдау.

 

* Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторлары vмақаланы жариялау үшін бекітілген төлем құжатына сәйкес басылым үшін ақы төлеуге міндетті. Бағалардың бекітілген құжатына сәйкес мақала жариялау үшін мақаланың әрбір бетіне 2000 теңгеден төленеді.  Ерекше жағдайларда, журнал сериясын қаржыландырудың басқа көздері болған жағдайда, авторлар мақаланы жариялағаны үшін төлемнен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Автор төлем жасағаннан кейін PDF форматында  төлем туралы түбіртекті журнал редакциясының электронды мекен-жайына жібереді.