Бірінші курс студенттерінің IT бағыттарына бейімделуіне стрестің әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS202593201Аннотация
IT мамандықтарының бірінші курс студенттері бастан кешіретін стресс деңгейі олардың жаңа академиялық ортаға бейімделуіне кері әсер етеді. Бұл оқу үдерісіне, оның ішінде академиялық үлгерімге, әлеуметтік және психологиялық компоненттерге, коммуникацияға, денсаулық пен өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал етеді. Осыған байланысты, зерттеудің мақсаты – Astana IT University-дің IT мамандықтарының бірінші курс студенттерінде стрессті тудыратын факторларды және стрессті жеңу мүмкіндіктерін анықтау болды.
Зерттеу нәтижесінде бірінші курс студенттері оқу жылының басында келесідей қиындықтарға тап болатыны анықталды: «дедлайндарды» сақтау, шет тілінде техникалық ақпаратты қабылдау, оқытушылармен және топтастармен коммуникация орнату. Стресстік жағдайларды жеңу үшін бірінші курс студенттері негізінен ұйқы, телехикаяларды көру және ойындар сияқты әдістерді пайдаланады. Бұл олардың стресске төзімділікті арттыруға және стресс жағдайларын жеңуге арналған тиімді әдістер туралы хабардар еместігін көрсетеді.
Зерттеу барысында стресс мәселесін зерттейтін зерттеулер мен теорияларға талдау жасалды, Google Forms арқылы онлайн сауалнама жүргізілді және сауалнамаға қатысқан 125 адамның ішінен 15 қатысушымен офлайн тереңдетілген сұхбат өткізілді. Осы зерттеу стресстің студенттерге әсері туралы білімді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар IT мамандықтары бойынша студенттерге қолдау көрсететін және бейімделгіш ортаны құруға ұмтылатын білім беру мекемелері үшін практикалық маңызға ие деген қорытындыға келуге мүмкіндік берді.
Түйін сөздер: стресс, IT-мамандығы, , студенттер, бейімделу, психикалық денсаулық.