ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР РӨЛІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v89.i2.09
        130 79

Аннотация

Бұл зерттеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін  жүзеге асыруда  әлеуметтік бағдарламалардың  қазіргі ерекшеліктері, оны жүзеге асыру қиындықтары мен  кемшіліктерін талдауға бағытталған.  Зерттеудің негізгі мақсаты - әлеуметтік бағдарламалардың  бизнестің жауапкершілігін тиімді жүзеге асыруға  әсер ету механизмін анықтау. Әлеуметтік бағдарламалар адамдардың өздігінен шеше алмайтын әлеуметтік  мәселелерін  шешуге және  азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған. Мақалада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуда әлеуметтік бағдарламалардың рөлін анықтау мақсатында 2023 жылы  жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік  бағдарламалардың дұрыс жұмыс істемеуі мен оларды жүзеге асыру механизмдерінің толық қанды нәтижелерге жеткізбегенін көрсетеді. Зерттеу көрсеткендей, қызметкерлер  өздерінің  өмірінде маңызды  оқиғаларға басшылық  тарапынан қолдау жасап,  көмек көрсетулерін қалайды екен. Алынған зерттеу нәтижелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мен дамытуда  әлеуметтік бағдарламалардың бәсекелестік деңгейін арттыру мен теңсіздікті  болдырмауға бағытталған жұмыс сапасын  арттыру қажеттілігін көрсетеді. Сондай-ақ, осы  талдау  әлеуметтік бағдарламалардың мемлекет тарапынан реттелу маңыздылығын айқындайды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуда әлеуметтік  бағдарламаларды орындау  және оны одан әрі зерттеу практикалық маңызға ие.

Түйін сөздер: корпоративті әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік  бағдарламалар, кәсіпкерлер, әлеуметтік инвестиция.

Авторлардың биографисы

Т. Тауекелова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент автор) - әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының  оқытушысы,  e-mail: batyrkyzy1976@ mail.ru

Г. Абдикерова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

әлеуметтану  ғылымдарының  докторы,  әлеуметтану  және  әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры,  e-mail: a.gulnapis@mail.ru

А. Мукажанова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

саяси ғылымдарының докторы, саясаттану және әлеуметтік-философиялық  пәндер кафедрасы, e-mail: almira75@inbox.ru

А. Петров, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург, Ресей

әлеуметтану  ғылымдарының  докторы,  профессор, e-mail: petroval4@yandex.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Тауекелова, Т., Абдикерова G. ., Мукажанова, А., & Петров, А. . (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР РӨЛІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 89(2), 101–111. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v89.i2.09