АУЫЛДАН ҚАЛАҒА ҚОНЫС АУДАРҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛЫҚ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.08
        201 235

Аннотация

Қазақстанда ауылдық жерлерден қалаларға көші-қон үрдісі жыл сайын белсенді бола түсуде. Қала жағдайында отбасылардың өмір сүру деңгейі төмен, әлеуметтік интеграциялануында қиындықтар туындайды, институционалдық және тұлғааралық кемсітушілікке тап болады. Бұл отбасылар қиын жағдайда өмір сүруде және мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары бұл санаттардың маргиналдануына жол бермейді. Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау міндеттемесін өзіне алады.

Осы зерттеудің мақсаты - әлеуметтік және экономикалық құқықтарды іске асыру тұрғысынан ауылдан қалаға қоныс аударған отбасыларға қатысты әлеуметтік саясатқа талдау жүргізу болып табылады.

Әлеуметтік саясатты талдаудың негізі S.G.Gabel ұсынған адам құқықтарын қорғау тәсілімен жүзеге асырылды. Зерттеуде автормен ұсынылған тәсілдерге негізделген сұрақтар қолданылды. Мигрант отбасылардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік интеграциясы мәселелері тұрғын үй, еңбек және тең жалақы, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділік және білім алу құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау тұрғысынан қарастырылды. Талдау барысында көші – қон отбасыларын бейімдеу мәселенің мәнмәтіні және адамның қатысу, есеп беру, кемсітпеу және теңдік құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қамтылды.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мигрант отбасылар жұмыспен қамту және тұрғын үй бағдарламаларына қала тұрғындарымен тең деңгейде қол жеткізе алмайды. Бұл мәселенің негізгі себебі тұрғылықты жері бойынша қазақстандық тіркеу жүйесімен байланысты. Зерттеу нәтижелері азаматтардың осы санатына қатысты әлеуметтік саясаттағы әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілетуге ықпал ету қажеттілігін көрсетеді. Бұл осындай зерттеулердің өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығына әкеледі.

Түйінді сөздер: әлеуметтік саясат, ауыл - қала көші - қоны, отбасылар, құқықтар, құқық қорғау тәсілі.

Жүктелулер

Как цитировать

Bolat, Z. ., & Mustafina, A. (2023). АУЫЛДАН ҚАЛАҒА ҚОНЫС АУДАРҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛЫҚ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 87(4), 75–89. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.08