Хиджабтың (бас киім) әлеуметтанулық аспектілері: теориялық дискурс

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.010

Аннотация

Бүгінгі таңда қоғамдық кеңістікте дін институтының жедел жандану үрдісін байқауға болады. Қоғамда тарихи қалыптасқан дәстүрлі діни құндылықтар мен институттар елеулі өзгерістерге ұшырап, ең алдымен сенім мен сенімнің маңыздылығы туралы идеяларға әсер етеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы жағдайында дін негізгі құндылықтардың бірі ретінде танылып, түбегейлі жаңа мағынаға ие болуда. Осыны ескере отырып, Қазақстан қоғамының дамуында діни фактордың басым екенін айтуға болады. Мақалада сонымен қатар хиджаб киюге әсер ететін діни сенімдер, мәдени дәстүрлер мен әлеуметтік нормалар сияқты әлеуметтік-мәдени факторлар талданады.

Бұл мақаланың мақсаты – қазіргі қоғамдағы хиджаб киюді социологиялық тұрғыдан түсіну, өйткені діни рәміздерді қабылдау, сондай-ақ олардың қала мәдениетіне әсері туралы сұрақтар ашық күйінде қалып отыр. Хиджаб (бас киім) діншілдіктің, конфессиялық сәйкестіктің элементі, сәнді коммуникацияның құрамдас бөлігі және қоғамдық пікірдің құрылымдық элементі ретінде социологиялық контексте талданады. Зерттелетін тақырыпты жан-жақты түсіну және алға қойылған мақсатқа жету үшін автор сапалық зерттеу әдісін қолданды. Мақалада нарративті сұхбат негізінде дін мен әлеумет арасында оң қарым-қатынас орнату қоғамның тұрақтылығын қолдайтыны көрсетілген. Мақаланың тәжірибелік маңыздылығы ретінде алдағы уақытта дін әлеуметтануы бойынша жүргізілетін зерттеулерге негіз болуын ала тартады.

Түйін сөздер: хиджаб, мұсылмандық орамал, дін социологиясы, қарапайым сән.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-19