Би-қозғалыс тренингі қарым-қатынастағы түзету және өзін-өзі тану әдісі ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.05

Аннотация

Мақалада жасөспірімдердің қарым-қатынастарын дамыту, түзету және өзін-өзі тану әдісі ретінде би қозғалыс тренингінің ерекшеліктері қарастырылған. Осы негізде жасөспірімдер арасында би қозғалыс тренингін өткізу арқылы жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Сонымен қатар би-қозғалыс тренингі арқылы жасөспірімдер арасында кездесетен қорқыныштар, үрей, дағдарыстық жағдайлардан шығу жолдарын қарастыру, қарым-қатынаста кездесетін қиын жағдайларды жеңуге көмек мәселелері қарастырылған. Адамдар қозғалыс арқылы өз сезімдерін білдіруге үйренеді, әрі қарай олар ауызша байланысқа оңай барады. Эмо-ционалды кедергілер-қарым-қатынас барысында жеке тұлғаны жүзеге асыруға кедергі келтіретін қарқынды эмоционалды тәжірибелер, көбінесе ұят, кінә, қорқыныш, алаңдаушылық, өзін-өзі бағалаудың төмендігі және т.б. байланысты туындап жатады. Сондықтан біз жасөспірімдердің қарым-қатынастарына би қозғалыс тренингтерінің әсерін зерттеуге алдық. Біздің зерттеуіміздің мақсаты – би қозғалыс тренингтері арқылы жасөспірімдердің қарым-қатынас бағытындағы өзгерістерді анықтау. Осыған сәйкес зерттеу мақсаты тұлғаның қарым-қатынас бағыттылығына би қозғалыс тренингінің әсерін анықтау болды. Би-қозғалыс тренингінің негізгі мақсаттары: біріншіден, денені жандандыру, дене ықпалдасу және үйлестіру сезімінің тәжірибесін алу; екіншіден, ырғақты және тікелей физикалық өзара іс-қимылды пайдалану арқылы коммуника-ция деңгейін белгілеу, тұлғааралық қарым-қатынас аясын кеңейту; үшіншіден, жеке «Мен» деген сезімді және ұғымды алу.

Түйін сөздер: би қозғалыс тренингі, жасөспірімдер, қарым-қатынас, психологиялық ықпал ету, қарым-қатынас кедергілері.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-19