ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЕЛГІСІЗДІКТІ КЕШІРУ ЖӘНЕ БЕЛГІСІЗДІККЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТАНЫТУ: ТЕОРИЯЛЫҚ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v82.i4.01
        146 0

Аннотация

Зерттеу герменевтикалық әдіснаманы және аналитикалық тәсілді қолдана отырып, конструктивистік тұрғыдан интерпретациялау арқылы құрылымдық теориялық шолу негізінде белгісіздікке толеранттылықты сипаттайды. Психология, философия, адам ресурстарын басқару, психологиялық денсаулық салаларында олардың трансформациясы мен қалыптасуының  негізгі тенденциялары анықталды. Зерттелген  құбылыстың мазмұнын, құрылымын ашуға мүмкіндік беру үшін оның  қалыптасу тарихына талдау жасалынды. Белгісіздікке толеранттылық феномені қазіргі кезеңде  адамзат тарихында өзекті проблемаларымен тығыз байланысты. Осы орайда мақалада белгісіздікке толеранттылық туралы болашақ зерттеулердің мүмкіндіктері көрсетілген. Аталмыш мәселенің әлемді жайлаған пандемия жағдайында туындаған тұлғаның психикалық ерекшеліктері турасында сөз етіледі. Пандемия және мәжбүрлі өзін-өзі оқшаулаудың жедел және созылмалы күйзеліс, жарақаттан кейінгі стресс сынды психикалық өзгерістердің көрініс беруіне, сонымен бірге адамның мінез-құлқына оның өз әрекеттерінің тиімділігіне деген сеніміне, түрлі психосоматикалық реакцияларға, мазасыздық пен депрессияның жоғарылауына, ашуланшақтық пен адамның өзіне әрі сыртқы ортаға бағытталған агрессияның туындауына ықпал ету мүмкіндігі талқыланады. Сонымен қатар өзгермелі зерттеу объектісіне қатысты пәндер мен тұжырымдамалардың мұндай талдауы таңдалынған тақырыпты алдын-ала түсіну процесінде жүргізіліп, ғылыми нанымдарымызға, сондай-ақ праксис арқылы жүргізілген тәжірибеге қатысты жүзеге асырылды.

Түйін сөздер: белгісіздікке толеранттылық; стресс, пандемия, эмоциялық күйлер, тұлғаның психологиялық ерекшеліктері.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-01-11

Как цитировать

Bapayeva, S. T., Khalym, B., & Bapayeva М. К. (2023). ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЕЛГІСІЗДІКТІ КЕШІРУ ЖӘНЕ БЕЛГІСІЗДІККЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТАНЫТУ: ТЕОРИЯЛЫҚ ШОЛУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 83(4), 4–14. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v82.i4.01