Қазақстандық студент жастарының құндылықтар бағдарын зерттеудің аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.10Аннотация
Бұл мақала қазақстандық студент жастарының құндылықтар бағдарын зерттеуге арналған. Осыған байланысты, бұл мақаланың мақсаты – жастардың құндылықтар бағдарының жеке аспектілеріне зерттеу жүргізу.
Зерттеу объектісі – қазіргі қазақстандық жастар.
Зерттеу пәні – қазақстандық жастардың құндылық бағдарларының психологиялық сипат- тамасы.
Құндылықтар бағдары мәселесі бойынша жүргізілген теориялық және әдістемелік талдау бойынша, құндылықтар бағдары – бұл өмірлік перспективаны анықтайтын динамикалық жүйеге құрылған мотивациялық және танымдық жалпыланған формациялар, жеке тұлғаның дамуының
«векторы». Құндылықтар бағдары жеке тұлға мен әлеуметтік ортаны біртұтас механизм ретінде байланыстырады, ол мінез-құлықты реттеу функцияларын орындайтын және өмірдің әр түрлі салаларындағы әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз ететін психологиялық орган.
Қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды: Ш. Шварцтың өзгертілген құндылықтар сауалнамасы (PVQ-R); К. Леунг пен М. Бондтың әлеуметтік аксиомаларының өзгертілген сауалнамасы.
Алынған нәтижелерді эмпирикалық зерттеу мен талдау барысында қазақстандық қоғамның терең жүйелі өзгерістеріне қарамастан, құндылықтар бағдары ұрпақтан ұрпаққа берілетін құндылықтар элементтерінің тұрақты механизмі болып табылатыны анықталды. Қазіргі жастардың құндылықтар бағдарының ерекшеліктері эксперименталды түрде қарастырылып, факторлардың рөлдері көрсетілді және бұл негізгі құндылықтардың, нанымдар мен тұлғаның қалыптасуы мен даму жолдарын болжауға және оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: құндылық бағдарлары, сенімдері, қазіргі қазақстандық жастар, әлеуметтік аксиомалар, негізгі құндылықтар.