Жоғары оқу орындарындағы студенттердің білім алу стратегиясы

Авторы

  • Софья Дүйсенова
  • Бибігүл Қылышбаева
  • Ақмарал Сұлтанова
        68 78

Аннотация

Студенттердің жалпы білім стратегиясын зерттеу оқу жүйесінің тиімділігін арттырады. Мұндай зерттеулер практикалық тұрғыдан студенттер үшін оқу процесін ұйымдастыруды жеңілдетіп, болашақта осы жастардың еңбек нарығына тезірек бейімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда отандық әлеуметтік ғылымда мұндай зерттеулердің жетіспеушілігі сезіледі, бұл өз кезегінде Қазақстандағы жоғары білімнің ерекшеліктері мен білім саласында кездесетін проблемаларды күрделендіреді. Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы студенттердің білім стратегиялары туралы ақпараттардың аздығы осы мәселені толыққанды зерттеу жүргізуге деген қызығушылықты тудырады. Жоғарғы курстардың білім траекторияларын зерттеу үнемі болып отыратын өзгерістердің орнын толтырады. Мақаладағы эмпирикалық зерттеу жұмысынан алынған талдау нәтижесі білім алушы жоғары оқу орнындағы жастардың білім саласындағы қабілеттіліктерін аша түсуге, қазақстандық жоғары оқу орындарындағы жүйелік мәселелерді көрсетуге, нақты басқарушылық шешімдерді қалыптастыруға, осы мәселелерге байланысты процестерді тиімді етуге өз үлесін қосады. Мақаланың мақсаты қазақстандық жоғары оқу орнындағы білім алушы жастардың жоғары білім деңгейлерін таңдаудағы мотивтерін анықтау арқылы білім стратегияларын сараптау. Қойылған мақсатқа жету үшін эмпирикалық мәліметтер жинақтауда сандық әдіс – сауалнама жүргізілді. Мақаладағы зерттеудің объектісі қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алушы студенттер. Мәліметтерді әдіснамалық жинақтау 2015 жылдың желтоқсан-наурыз айларында сандық зерттеудің сауалнама әдісі арқылы жүргізілді. Сауалнамада квоталық іріктеу қолданылды. Сауалға 800 студент іріктелді. Сауалнама Қазақстанның үш ірі қалаларындағы (Астана, Алматы, Қарағанды) ірі университеттерінде (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚҰТЗУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ) жүргізілді. Бұл қалаларды таңдау себебім Астана мен Алматы Қазақстандағы ең ірі мегаполистердің бірі. Мыңдаған жастардың мақсаттарына жетуі үшін мүмкіндік беретін қала. Сонымен қатар еліміздің ең ірі ұлттық университеттерінің шоғырланған жері болып табылады. Қарағанды мемлекеттік университеттің таңдалу себебі, ол Қазақстандағы аймақтық классикалық университеттердің бірі болып келеді. Өзіндік ғылыми дәстүрлері, зерттеу мектептері мен оқыту тәжірибелері, елге танымал профессорлар мен академиктер осы оқу орнында қызмет етіп, ЖОО беделін арттырған. Сонымен қатар, Қазақстан бойынша жоғары білім беру оқу орындарының рейтингісінде үшінші орынды иемденген университет. Мәліметтерді жинақтаудағы сандық зерттеу нәтижелері SPSS компьютерлік бағдарламасында өңделді және талданды. Мақаланың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы оның негізгі ойлары мен тұжырымдары ғылым әлеуметтануының теориясына, білім әлеуметтануына, білім және ғылым бағдарламаларына және білім концепцияларын дайындау мен қабылдауда үлес қосады. Автор мақаланың зерттеу нәтижесінде жастардың әрбір әлеуметтік топтарының әртүрлі мотивациямен және нәтижелікпен сипатталатын типтері, білім жүйесіндегі жастардың білім стратегияларына, өз кезегінде, әртүрлі деңгейдегі факторлар кешенінің ықпалының әсерін көрсетеді.

Түйін сөздер: білімдік стратегия, студент жастар, жоғары білім, мотивация.

Загрузки

Как цитировать

Дүйсенова, С., Қылышбаева, Б., & Сұлтанова, А. (2017). Жоғары оқу орындарындағы студенттердің білім алу стратегиясы. Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии, 61(2). извлечено от https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/755