Классикалық әлеуметтанушылардың білім беру стратегиясын теориялық талдау

Авторлар

  • G. S. Abdiraiymova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • S. М. Duisenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. М. Chinasilova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        56 29

Кілттік сөздер:

білім беру стратегиялары, әлеуметтік институт, жастар, білім беру кеңістігі.

Аннотация

Мақалада авторлар әлеуметтанушы классиктерінің білім беру стратегиясына теориялық талдау жасаған.Мақалада білім беру стратегиясын талдау Э. Дюркгеймнен бастау алған. Ол білім берудің ав- тономдылығын ескере отырып білім беру саласындағы жастардың өзіндік таңдауының барлығын жоққа шығарады, бірақ жастар қоғаммен ұсынылған өз мүмкіндіктері аясында әрекет етеді және білім беруге қанағатсыздығы бойынша аға ұрпақпен шиенеліске келмейді. Білім беру саласында жастар арнайы өзгерістерді жүзеге асыруға даярлануда, бірақ ол актор болып, білім беру үдерісінің өзіндік қатысушысы болып табылмайды. Жекелендіруге баға бере отырып, ұжымдық сананың индивидке бағытталуына айналуда Дюркгейм институционалдануға басымдық береді және өзіндік кәсіби дәріп- телудегі қажеттілік пен білім берудің нормаларына бағытталуын бөліп қарастырады. Дюркгеймнің бі- лім беруді институционалдау көзқарасын Т. Парсонс әрі қарай дамыта отырып, ондағы білім берудің жаңартушылық әсеріне айрықша мән берген. Парсонс тәжірибе мен міндеттерге сәйкес жастық үде- меге сәйкестендіре отырып құрылымдық функционализм білім берудің мерзімін ұзарту туралы, мақ- саттар арасындағы қарама-қайшылық, кәсіби жетістік, әлеуметтік мәртебе мен кәсіби мансап туралы ережелерді қолдайды. Жастар болашаққа бағытталады, онда өткен мен қазіргі кездің маңызы жоқ. «Кейінге қалдырылған» күтімдердің кезеңі қандай болады, егер үміттері орындалмайтын жағдайда жастар білім алуға қаншалықты инвестиция салуға даяр? Ұсынылған ұжымдық статус пен мүмкіндік- терді ашуға бағытталған мектептерден алшақтай отырып, меритократия қағидаты арқылы міндетті түрде жүзеге асырылмайтын, әлеуметтік мобильділік жағдайында әрекет ететін жастарға объективті баға беру қиын. Классикалық әлеуметтану болжанбайтын үдерістерге әлеуметтік бейімділікке мойын- сұнуға альтернативті стратегия салдарына негізделеді. Құрылымдық функционализм білім беру әлеу- меттік теңдестіруді күшейте бастағанда білім берудің әлеуметтік аномия жағдайында немесе жасырын әлеуметтік функциялардың басымдық дисфункционалдығын мойындайды. Р. Дарендорф, құрылым- дық талдаудың белгілі сыншыларының бірі, социологиялық зерттеулерді баға берушілік талқылаулар- мен алмастырмауға шақырады. Оның пікірінше ұрпақтарға бөліну кез келген ұрпақтың ерекшелігін жастық топ ретіндегі қабылдаулардан басқасын жоққа шығарады.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdiraiymova, G. S., Duisenova S. М., & Chinasilova А. М. (2014). Классикалық әлеуметтанушылардың білім беру стратегиясын теориялық талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 50(3). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/400