Жастардың есірткі және психоактивті заттарды қолдануының әлеуметтік-психологиялық салдары

Авторлар

  • S. T. Kydyrmoldina Қазақстан инновациялық университеті, Қазақстан, Семей қ. Педагогикалық факультет, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қазақстан, Семей қ.
  • G. S. Tursungozhinova Қазақстан инновациялық университеті, Қазақстан, Семей қ. Педагогикалық факультет, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қазақстан, Семей қ.
        106 229

Кілттік сөздер:

нашақорлық, есірткі, психоактивті заттар, жеткіншектер, алдын алу, салауатты өмір салты, қауіпті еліктеулер, тәуелділік.

Аннотация

Бұл мақалада қазіргі кездегі қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелердің бірі болып отырған жастар арасындағы нашақорлық пен жастардың есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының негізгі себептері қарастырылған. Жастардың есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының алғы шарты болып табылатын өтпелі жеткіншектік кезеңнің негізгі ерекшеліктері мен осы жастық шақта жеткіншектердің әлеуметке жат қылықтарға бейім болуының себептері айқын көрсетілген. Бұл себептердің қатарына тұқымқуалаушылық, тәрбие мен қоршаған орта жатады. Автор бұл үш факторды жан-жақты тұрғыда қарастырып, жеткіншектік шақта есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының негізгі механизмдерін анықтауға тырысты. Жеткіншектік кезеңде есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының негізгі механизмдерінің қатарына жеткіншектердің психикасының тұрақсыздығы мен еліктеуге бейімделгіштік, педагогикалық және отбасылық назардан тыс қалу, ата-ана тарапынан гиперопека, қарым-қатынастың жеткіліксіздігі сияқты механизмдерді жатқызды. Сондай-ақ есірткі мен психоактивті заттарды қолдану мотивтеріне сапалы талдау жасады. Талдау арқылы әлеуметтік-психологиялық мотивтерді, өз санасының өзгеруін қажет ету мотиві мен есірткіге патологиялық елігу мен абстинентті синдромның салдарымен байланысты патологиялық мотивтерін бөліп көрсетті. Психоактивті заттар мен есірткіні қолдану салдарынан болатын физиологиялық және психикалық өзгерістерге ерекше тоқталды. Көптеген әдебиет көздерін қарастыра отыра, бұл өзгерістердің қатарына есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы, интеллектінің төмендеуі, иммунды және жыныстық жүйенің зақымдануы, бүйрек және бауырдың бұзылуы, тыныс алу мүшелерінің зақымдануы, өкпе рагінің және мидың қатерлі ісікке шалдығуы, невроздың пайда болуы, көңіл-күйдің өзгермелілігі, алаңдаушылық, ұйқының бұзылуы, қан қысымының көтерілуі, галлюцинациялар, сандырақтар, организмге су жетіспеуі, жүрек айнуы, апатия, депрессия, әлеуметтік шеттетілу және өз-өзіне қол жұмсауды жатқызды. Барлық жинақталған мәліметті өңдей отырып, автор жеткіншектердің есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының алдын алу жолдарын қарастырды. Қазіргі жастарды қауіпті еліктеулерден сақтау үшін, алдын алу шаралары мектеп қабырғасы мен отбасында қарқынды жүргізілу маңыздылығын атап көрсетті. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі мен психоактивті заттардың әлеуметтік-психологиялық салдары жайлы ақпараттандыру арқылы жағымсыз эмоция тудыру ұсынылған. Автор айтуы бойынша, позитивті алдын алу жұмысы тек қауіпті еліктеулердің алдын алып қана қоймай, топтағы психологиялық ахуалды жақсартып, оқуға деген қызығушылықты арттырып, ересек пен жастар арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатуға көмегін тигізеді және өмірге деген жағымды қатынас тудырады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Мухина В.С. Механизмы развития личности и ее социального бытья // Феноменология развития и бытия личности:
Избранные труды. – Москва-Воронежь: МПСИ: Модек, 1999.
2. Ильин Е.П.Эмоции и чувства. – СПб.,2010.
3. Кон И.С. В поисках себя: Личность и ее самосознание. – М.: Политизат, 1984.
4. Мудрик А.В.Социальная педагогика. – М.:Изд.центр «Академия», 2003.
5. Личко А.Е. Наркотизм (употребление наркотиков) и подростковая наркомания. Психопатии и акцентуации характера подростков. – Л., 1977.
6. Битенский В.С. Наркомания у подростков. – Киев: Здоровья,1989.
7. Битенский В.С. Клинические и терапевтические аспекты наркомании в подростковом возрасте:автореф.дисс.докт. мед.наук. – М., 1991.
8. Гульдан В.В. Поиск впечатлений как фактор приобщения к наркотикам//В.В.Гульдан, А.М. Корсун.Вопросы наркологии. – 1990. – №2.
9. Ганнушкин П.Б. Клиника психопатии, их статистика, систематика. – М.,1993.
10. Генайло С.П. Гашишно-опиатные полинаркомании в подростково-юношеском возрасте//Дисс.докт.мед.наук. –Томск,1995.
11. Максимова Н.Ю. О склонности подростков к аддиктивному поведению//Псих.журнал. – 1996. – №3.
12. Алемаскин М.А. Психологическая характеристика личности подростков «Вопросы изучения детей с отклонениями в поведении». – М., 1968.

1. Mukhina V.S. Mekhanizmy razvitiya lichnosti i ee sotsial’nogo bytiya// Fenomenologiya razvitiya i bytiya lichnosti: izbrannye
trudy/-Moskva-Voronezh:MPSI: Modek,1999.
2. Il’in E.P. Emotsii i chuvstva. – SPb., 2010.
3. Kon I.S. V poiskakh sebya: Lichnost’ i ee samosoznanie. – M.: Politizat, 1984.
4. Mudrik A.V. Sotsial’naya pedagogika. – M: Izd.tsentr “Akademiya”, 2003.
5. Lichko A.E. Narkotizm (upotreblenie narlotikov) i podrostkovaya narkomaniya. Psikhopatii i aktsentuatsii kharaktera u podrostkov. – L., 1977.
6. Bitenskii V.S. Narkomaniya u podrostkov. – Kiev: Zdorov’ya, 1989.
7. Bitenskii V.S. Klinicheskie i terapevticheskie aspekty narkomanii v podrostkovom vozraste: avtoref.diss.dokt.med.nauk. – M., 1991.
8. Gul’dan V.V. Poisk vpechatlenii kak factor priobshcheniya k narlotikam// V.V.Gul’dan, A.M.Korsun. Voprosy narkologii. – 1990. – №2.
9. Gannushkin P.B. Klinika psikhopatii, ikh statistika, sistemamika. – M., 1933
10. Genailo S.P. Gashishno-opiatnye polinarkomanii v podrostkovo-yunosheskom vozraste // Diss.dokt.med.nauk. – Tomsk,1995
11. Maksimova N.YU. O sklonnosti podrostkov k addiktivnomu povedeniyu// Psikh.zhurnal. – 1996. – № 3
12. Alemaskin M.A. Psikhologicheskaya kharakteristika lichnosti podrostkov “Voprosy izucheniya detei s otkloneniyami v povedenii”. – M., 1968.

Жүктелулер

Как цитировать

Kydyrmoldina, S. T., & Tursungozhinova, G. S. (2016). Жастардың есірткі және психоактивті заттарды қолдануының әлеуметтік-психологиялық салдары. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 49(2). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/382