Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері

Авторлар

  • G. K. Dzhumazhanova Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан, Семей қ.
  • G. T. Dakina Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан, Семей қ.
        320 1007

Кілттік сөздер:

«тұлға», «эмоция», «эмоционалдық күй», «қобалжу», «сезім».

Аннотация

Аталған мақалада тұлғаның эмоционалдық аймағының мәселелері қарастырылған. Мақалада тұлғаның эмоционалдық аймағының аспектілері, эмоция құрылымы, сонымен қатар тұлғаның эмоционалдық күйін диагностикалау әдістері қарастыру көзделген.
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеудің аса өзектілігі атап көрсетілген. Эмоцияның әлеуметтік табиғатын талдау психология үшін болашақта нақты дәлелдемелерді қажет ететін тың тақырыптардың бірі. Эмоцияның әлеуметтік табиғаты оның әлеуметтік дүниемен, басқа адамдармен қарым-қатынасы арқылы ашылады.
Эмоция – адамның ішкі жан-дүниесінің маңызды бөлшегі және тұлғаның эмоционалдық аймағына назар аудару интеллект, денсаулық, дене күшімен басқа да тұлғалық ресурстарын дамытуға көңіл бөлінуден кем болмау керек. Эмоционалдық аймақты дамыту – аса маңызды міндет, әрқайсымыз үшін аса өзекті, бірақ бұны дамыту бағыты тұлға типіне байланысты әр түрлі болып келетіндігі көрсетіледі. Эмоционалдық аймақта адамдар арасында ерекше ашық жеке айырмашылықтар байқалады. Бұл мақалада эмоцияның шетелдік әлеуметтік-психологиялық зерттеулері қарастырылған. Теориялық және эмпирикалық зерттеулерге сүйене отырып, адамның эмоционалдық күйін зерттеудің негізгі мәселелері көрсетілген.
Өз кезегінде көптеген әлеуметтік-психологиялық феноменнің эмоционалдық компоненті бар. Сезімді эмоцияның саналы қобалжуы және эмоционалдық реттеуі ретінде негізгі компонентіне жатқызады. Зерттеушілер эмоцияны тұлғалық күй ретінде ажыратады. Қобалжу негізіндегі эмоциялар эмоционалдық эпизодтар деп аталады. Эмоцияны зерттемей әлеуметтік-психологиялық зерттеулер толық болмайтындығы туралы айтылған. Психологиямен әлеуметтік психологиядағы эмоционалдық аймақты зерттеудің негізгі бағыттары қарастырылған. Эмоционалдық құбылыстарды әлеуметтік-психологиялық тұрғыда зерттеудің түйіндік мәселелері талданған. Эмоциямен сезімнің әртүрлігі тұлғалық қасиеттермен, тұлға бағыттылығымен, мотивтерімен, талпыныстарымен, жеке психикалық қасиеттерімен анықталады. Тұлғаның эмоционалдық дамуы психологиядағы өзекті және аз зерттелген мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта тұлғаның эмоционалдық аймағын дамытудың тұтас тұжырымдамасы жоқ деген тұжырым айтылған. Психологияда қобалжу, үрей, ұялшақтық, стресс тұлғаның эмоционалдық әлемін сипаттайтын негізгі категория ретінде қарастырылады. Эмоционалдық аймақтың өзгеруі физикалық және психикалық күйге байланысты. Тұлғаның эмоционалдық дамуы аймағын зерттеуде шешілмеген сұрақтар да көп деген пікір айтылған. Ғалымдар тұлға қалыптасуында эмоционалдық дамудың аса маңыздылығын атап көрсетуде. Оның заңдылықтарын ашу адам дамуының тұтас механизмін көрсетеді, себебі сезімнің адамның ішкі дүниесінің маңызды жақтарын ашады деген ой түйінделген. Мақала психологиядағы тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеуге арналған. Тұлғаны адам ретінде түсінудің қажеттілігі ұсынылады. Адамның эмоционалдық күйіне психологиялық сипаттама берілген. Эмоцияны реттеу әдістерімен психологиялық механизмі ашылған.

Библиографиялық сілтемелер

1. Выготский Л.С. Педагогическая психология – М.,1990.
2. Леонтьев А.Н.Избранные психологические произведения. – М.:1996.
3. Анохин П.К. Системные механизмы высшей нервной деятельности. – М.: Наука, 1979.
4.Вильюнас В.К. Психология эмоциональных явлений. – М. 1976.
5. Выготский Л.С. Спиноза и его учение об эмоциях в свете современной психоневрологий //Вопросы философии, 1970 №6. – С. 16-23.
6. Клапаред Е. Психология эмоций. – М., 1984.
7. Фрейд З. «Я И Оно» -Т. Б. 1991.
8. Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. – Алматы, 2006.
9. Изард К.Э. Психология эмоций. – СПб. Питер, 2002.
10. Фрейд З. Психология бессознательного. – М., 1990.
11. Овчарова Р.Д. Технология практического психолога образования. – М., 2000.

1. Vigotsky L.S. Pedagogicheskaya psihologiya. – M., 1990.
2. Leontiev А.N. Izbrannye psihologicheskie proizvedeniya. – М.: 1996
3. Anokhin P. K. Sistemnye mekhanizmy bysshei nervnoi deyatelnosti. – M .: Nauka, 1979.
4. Vilyunas V.K. Psikhologiya emotsionalnyh yavleniy. – M., 1976
5. Vigotski L.S Spinoza I ego uchenie ob emociah v svete sovremennoi psihonevrologii. // voprosy filosofii, 1970 №6 СІ27
6. Klapared E. Psihologya emocii. Texty MGU,1984.
7. Freid Z. “Ya I Ono” – Tb 1991.
8. Namazbaeva Zh.Y. Zhalpy psyhologiya. – Almaty, 2006.
9. Izard K.E. Psihologiya emotsiy. – SPb Piter, 1999.
10. Freid Z. Psihologya bessoznatelnogo. – М, 1990.
11. Ovcharova R,D. Tehnologya prakticheskogo psihologa obrazovania. – М., 2000.
12. Leontiev A.N. Potrebnosti, motivy,emocii.Sobr. Соч в 2-х т.,т2. – М, 1983.
13. Petrovski V.A,Lichnost’ v psihologii.-R-n-d,1996.
14. Zharykbaev K.B., Sangilbayev O.S. zhantanu ataularynin sozdigi. – Almaty, 2006.
15. Berdibayeva S.K. Tulga psyhologiasi. – Almaty:2008.
16. Berezin F.B. Psihicheskaya I psihofiziologicheskaya adaptatsiya cheloveka. – L.: Nauka, 1988.
12. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы, эмоций. Собр.сочин. в 2-х т. т. 2. – М. 1983.
13. Петровский В.А.Личность в психологий. – Ростов-на-Дону, 1996.
14. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының сөздігі. – Алматы, 2006.
15. Бердібаева С.К. Тұлға психологиясы. – Алматы, 2008.
16. Березин Ф.Б. Психическая и психофизиологическая адаптация человека. – Л.: Наука, 1988.

Жүктелулер

Как цитировать

Dzhumazhanova, G. K., & Dakina, G. T. (2016). Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 49(2). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/377