СТУДЕНТТІК ЖАСТА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУҒА ТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v88.i1.02Аннотация
Мақалада өзін-өзі бағалаудың табандылық, оптимизм, белсенділік және жауапкершілікпен байланысы қарастырылады. Авторлар өзін-өзі бағалауды жақсарту үшін оны тереңірек зерттеу үшін ғылыми әдебиеттерге талдау жасады. Бұл зерттеудің өзектілігі өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бейнелеуді қалыптастыратындығымен, мінез-құлықтың маңызды реттеушісі болып табылатындығымен және жеке өмірдің барлық салаларына әсер ететіндігімен анықталады. Өмір сапасы, тиімділік және жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы оған байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты, өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктерін, табандылықпен байланысын зерттеу және оның әлеуметтік-психологиялық факторларын анықтау.
Зерттеуге Қазақстанның алты университетінен 18 - 23 жас аралығындағы 200 студент қатысты. Бес диагностикалық әдіс қолданылды: М. Розенбергтің өзін-өзі бағалау шкаласы (Rosenberg's Self-Esteem Scale); Оптимизм және белсенділік шкаласы, AOS; Карвер-Уайт сауалнамасы, BIS/BAS; Бақылау локусын зерттеу (Роттер); Hexaco Pi-R60 сауалнамасы. Зерттеу нәтижелері, өзін-өзі бағалаудың оптимизм, белсенділік, байланысқа бейімділік және жауапкершілік сияқты көрсеткіштермен байланысын көрсетті. Спорт, өзіне сену, ата-ананың қолдауы, сыртқы келбеті мен оқуға қанағаттану, оқу үлгерімі, суицидтік ойлар және жалғыздық сияқты факторлардың өзін-өзі бағалауына әсері. Эмпирикалық талдауға сәйкес, респонденттердің өзін-өзі бағалауды асыра бағалауға бейімділігі анықталды. Мақалада студенттердің ерекшеліктері, олардың құндылықтары және басқа көрсеткіштері қарастырылады. Зерттеу көрсеткендей, студенттердің 23,5 пайызы өздерін жалғыз сезінеді, дәл осыншама студент, өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлайды.
Осылайша, бұл зерттеу өзін-өзі бағалау және оның басқа психологиялық факторлармен байланысы туралы жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Ол өзін-өзі бағалаудың өзіндік имиджін және жеке мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлін түсінуге ықпал етіп, сондай-ақ студенттердің өзін-өзі бағалауымен жұмыс істеудің психологиялық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеу үшін практикалық құндылық болып табылады.
Түйін сөздер: өзін-өзі бағалау, өзіне сену, оптимизм, белсенділік, табандылық.