ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА СЕНІМІ (ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ КЕЙСІНЕ КОНТЕНТ-АНАЛИЗ)

Авторлар

  • M.M. Dabyltayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0009-0006-1893-8250
  • E.B. Toktarov Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан, Астана https://orcid.org/0000-0002-8691-5222

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.09

Аннотация

                 Бұл мақала "Қаңтар оқиғасы" кезіндегі тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімі, қоғамдық пікірдің қалыптасуы, мемлекеттік билік пен құқық қорғау органдарының әрекеттерін зерттеуге арналған. Қазіргі әлеуметтік өзгерістер салдарынан қалыптасқан қоғамдағы жаңа қарым-қатынастар құқық қорғау органдарының әлеуметтік институт ретінде жаңа дәуірдегі өзгерістердің алдында тұрғанын байқатады.

         Зерттеудің мақсаты - "Қаңтар оқиғасы" кейсін зерттеу негізінде тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін анықтау.

        Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде мерзімді басылым беттерінегі қоғамдық пікірді зерттеу үшін контент-талдау әдісі қолданылды. Мерзімді басылымдарға шолу жасау барысында авторлар осы құбылыстың әлеуметтік маңыздылығына назар аудара отырып тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімі мәселесін, әлеуметтік шындық тұрғысынан қарастырды ұсынды.

        Зерттеу барысында алынған мәліметтерге сәйкес, тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімі деңгейінің төмендеуі құқық қорғау саласындағы бюрократиялық кедергілерге, құқық қорғау үдерісіндегі процесуалды іс-әрекеттердің жүйелі ұйымдастырылмауы және құқық қорғау органдарына қатысты қалыптасқан стереотиптермен байланысты екендігі анықталды.

        Зерттеу нәтижесінде авторлар БАҚ талдау арқылы алынған мәліметтерге сүйеніп, еліміздегі саяси мәдениетті, құқықтық мәдениетті  қалыптастырудың жаңа тетіктерін әзірлеу, тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін көтеруде маңызды шаралардың бірі деп атап өтті.

         Бұл зерттеудің қорытындылары Қазақстан Республикасындағы  тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенмімін арттыру барысында, Қазақстандық қоғамның саяси-құқықтық мәдениеттін  жетілдіруде өзінің тәжірибелік маңызы бар зерттеу болып табылады.

Түйінді сөздер: сенім, құқық қорғау органдары, азаматтардың наразылықтары, саяси мәдениет, сенімнің әлеуметтік мәні.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-06