ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП ОРТАСЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.03

Аннотация

Мақалада мектептегі қауіпсіз психологиялық ортаның балалар тұлғасын дамытудағы орнын зерттеуге бағытталған эмпирикалық зерттеу нәтижелері, сонымен қатар мектеп жағдайында қауіпсіз ортаны құру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленген.

Бұзақылықтың «бастамашылары» мен «қорғаушыларының» сөздік ойлау деңгейі жоғары, ал керісінше, вербальды ойлау деңгейінің төмендігі – буллингтің «көмекшілері» мен «бақылаушыларының» арасында екені анықталды. Жалпы, ұлдар мен қыздар буллингке бірдей ұшырайды. Дегенмен, физикалық буллиниг ер балалар арасында жиі кездеседі, ал вербальды буллинг қыздар арасында жиі кездеседі. Бұзақылықтың «қорғаушылары» мен «бастамашыларының» қобалжу деңгейі төмен болса, буллингтің «құрбандары», «көмекшілері» мен «бақылаушылары» керісінше, қобалжу деңгейі жоғары.

Алынған нәтижелер негізінде мектепте қауіпсіз ортаны құру мәселесі бойынша психологтарға, мектеп басшылығына және ата-аналарға практикалық ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, ерте және үлкен жасөспірімдік кезеңдегі оқушылармен тиімді жұмыс істеудің кейбір жолдары ұсынылған. Сонымен қатар Г. Каспердің «Мектепте моббингті зерттеу» сауалнамасы негізінде жасөспірімдер арасындағы буллинг тәжірибесін бағалаудың авторлық әдісі ұсынылған.

Түйінді сөздер:  жасөспірімдік кезең, буллинг, физикалық буллинг, вербальды буллинг, «бастаушы», «жәбірленуші», «қорғаушы», «көмекші», «бақылаушы».

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-06