ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЭМОЦИЯНЫ РЕТТЕУ СТРАТЕГИЯСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРУІ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.02
        257 276

Аннотация

Жасөспірімдердегі эмоциялық интеллекттің (ЭИ) ерекшеліктерін адамның әлеуметтік бейімделуі мен тиімділігінің маңызды факторы ретінде түсіну эмоциялық–когнитивті сфераның бұзылуына психологиялық түзетудің және қалыптастырудың оңтайлы стратегияларын әзірлеудің негізі болып табылады. Жұмыстың мақсаты - 12-15 жас аралығындағы қалыпты дамып келе жатқан ұлдар мен қыздардағы ЭИ және эмоцияларды реттеу (РЭ) сипаттамаларын анықтау. Мақалада қазақ тілінде бейімделген валидацияланған сауалнамалар көмегімен 54 жасөспірімде ЭИ және РЭ көрсеткіштері алынды. Зерттеу нәтижелері эмоцияларды "қайта қарау" стратегиясы эмоциялық интеллект деңгейімен оң байланысты екенін және бұл жас тобында эмоцияларды "басу" стратегиясынан басым екенін көрсетті. ЭИ көрсеткіштері қыздарда ер балалармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екендігі анықталды. Осылайша, эмоциялық интеллект көрсеткіштерінің ерекшеліктері және жасөспірім кезіндегі эмоцияларды реттеу стратегиясының артықшылықтары анықталды, олар кейінірек басқа жас топтарын қарастырған кезде эмоциялық функциялардың даму динамикасын түсінуге көмектеседі. Бұл нәтиженің құндылығы қалыпты дамудан ауытқуларды анықтау үшін ЭИ көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін анықтау болып табылады. Эмоциялық интеллект пен эмоцияны реттеудің анықталған корреляциясы эмоцияны реттеудің тиімді тәсілдерін жасауға негіз бола алады.

Түйінді сөздер: онтогенез, жасөспірім, эмоциялық интеллект, эмоцияны реттеу, гендер.

Жүктелулер

Как цитировать

Yerdenova, M. ., Datkhabayeva, G. ., Zholdassova, M. ., Iskakova, D. ., & Kustubayeva, A. . (2023). ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЭМОЦИЯНЫ РЕТТЕУ СТРАТЕГИЯСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРУІ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 87(4), 14–24. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.02