ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚАЛАУЛАРЫ: ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСНАМАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.010
        174 142

Аннотация

Елдің "жаңа Қазақстан" моделі шеңберінде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қалалық және ауылдық мектептерде, сондай-ақ әртүрлі мамандандырылатын мектептерде сапалы білім берудің тең әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз ету маңызды.

Қазақстанда білім беру саласында жоғары сынып оқушыларына кәсіби өзін-өзі анықтау субъетісі ретінде қарастыру мәселесіне жеткілікті назар аударылмаған. Сондықтан, ұсынылған авторлық зерттеу орта жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің жоғары сынып оқушыларының кәсіпби қалауларының өзгеруіне ықпал ететін факторларды салыстырмалы талдауға және анықтауға бағытталған. бұл ретте негізгі мәселе кәсіби қалалардың аймақтық және гендерлік ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Зерттеу нәтижелері мектеп оқушыларының кәсіби қалауына әсер ететін жеке факторларды анықтады: жоғары жалақы деңгейі (92%); мансаптық өсу мүмкіндігі (89,0%); жоғары білікті мамандық, жұмыс (53%); мамандық басқаруға мүмкіндік береді, басшылық ету (42,0%); өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді (41,0%); қоғамда жоғары мәртебе береді (27,0%). Сонымен қатар, осы мақалада кәсіби таңдаудың аймақтық және гендерлік ерекшеліктерін, білім беру теңсіздігінің оған әсерін зерттеу маңызды болып табылады.

Жұмыстың мақсаты ұлттық және халықаралық ауқымда да жоғары мәнге ие, бұл зерттеу жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларын қалыптастырудың әлеуметтік мәселелерін тереңірек және жүйелі түрде анықтауға мүмкіндік береді және оларды шешу жолдарын ұсынады.

Жұмыста әзірленген әдістеме мен құралдарды жастардың білім беру, еңбек және кәсіби мінез-құлқы бойынша одан әрі практикалық зерттеулерде пайдалануға болады. Зерттеу Қазақстандағы экономика мен білім беруді жаңғырту және цифрландыру процестері, жұмыспен қамту саясаты және кәсіптік және жоғары білім берудің белгілі бір бағыттарын қолдау, сондай-ақ пандемия мен онлайн-білім берудің өмір сүрген тәжірибесі, оқушылардың, олардың отбасыларының, жақын әлеуметтік ортаның құндылық түсініктері мен кәсіби күтулері оқушылардың кәсіби қалауына қалай әсер ететінін ескере отырып, осы мәселені анықтауға мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: жоғары сынып оқушылары, кәсіп, амандық таңдау, кәсіби қалау, кәсіби бағдар, кәсіби бейімділіктерді зерттеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Sadyrova М., Mukhtarova К., & Orymbetov, A. E. (2023). ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚАЛАУЛАРЫ: ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСНАМАСЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 86(3), 115–125. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.010