ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨМІР САПАСЫН СУБЪЕКТИВТІ ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.04

Аннотация

Мақалада жас әйелдердің психологиялық өмір сапасын субьективті зерттеуде, бақыт және қанағаттану сезімдерін бағалау мәселесі  қарастырылады. Жас әйелдердің өзін қабылдау, бағалау, құндылық бағдарларына және психологиялық саулығы мен қанағаттану және бақыт сезімдерін зерттеумен позитивті психология жаңа бағыт айналыса бастады, бұл бағыт өмір сапасына ғылыми және практикалық өзектілігін зертеуге қызығушылық тудырды.

Зерттеудің негізгі мақсаты - жас әйелдердің өмірге қанағаттану және бақыт көрсеткіштерін анықтау. Зерттеудің практикалық маңыздылығы - жүргізілген жұмыстың нәтижесінде алынған деректер жас әйелдердің жайлы, үйлесімді өмір сүруге үлкен перспективалық мүмкіндіктер ашатын психикалық көңіл-күйдің оң және өнімді деңгейін сақтауға, өзін-өзі бағалау, қабылдау дағдыларын жетілдіруге өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді. 

Зерттеу барысында келесі әдістер таңдалды: Э. Диннердің әріптестері құрастырған "өмірге қанағаттану" сауалнамасы және М. Аргайлдың әріптестері құрастырған Оксфордтың "бақыты" (Oxford Happiness Inventory, OHI). Қанағаттану және бақыт сезімдерінің нәтижелерінің дұрыстығын тексеру үшін сұрақтар тармақтарының әрқайсысының талдау жүргізілді (барлығы 5 тармақ), сауалнаманың ішкі дәйектілігі психометриялық талаптарға сәйкес келеді. Зерттеу көрсеткендей, жас әйелдердің қанағат пен бақыт сезіміне білімі, жасы, отбасылық жағдайы әсер ететіндігін көрсетті. Сауалнамаларды адамның өмір сапасын бағалауда зерттеу үшін психометриялық негізделген диагностикалық құрал ретінде пайдалануға болады.

Түйін сөздер: өмір сапасы, субьективті және обьективті индикаторлар, жас әйелдер, бақыт, қанағаттану сезімі.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-09-07