Аутист баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар ортасы

Авторлар

  • U. R. Yessirkepova М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ. http://orcid.org/0000-0002-8801-0072
  • G. Zh. Lekerova М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ. http://orcid.org/0000-0002-6883-316X
  • A. T. Sarypbekova М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қ. http://orcid.org/0009-0006-3947-5566

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.03

Аннотация

Мақалада инклюзивті жағдайда аутизм спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың     ортасы     ұсынылған.     Аутизм     спектрі     бұзылған     балалардың     ата-аналардың психологиялық ерекшеліктерін, мұндай отбасындағы ата-ана мен бала қарым-қатынасын, бала мен ата-ана қарым-қатынасының қиындықтарын, сондай-ақ балаға әлеуметтендіру дағдыларын үйретуде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуі мен қандай да нақты қолдауы қажет екендігі қарастырылған. Барлық жүйелі жұмыстың тиімділігі ата-аналардың әл-ауқатының     дәрежесіне,     олардың     балаларын     тәрбиелеуге     және     әлеуметтік     жағынан тәрбиелеуге дайын екендігіне байланысты. Зерттеуге аутист балаларды тәрбиелеп отырған 76 ата-ана қатысты. Зерттеуде психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдістері қолданылды: ата-аналық қарым-қатынастың тест-сауалнамасы (А.Я. Варга, В.В. Столин), «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарындағы тәрбиелік дағдыларын анықтау» сауалнамасы (В.В. Ткачева). Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен жаңалығы психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістерін қолдану арқылы расталады. Алынған нәтижелерді талдау негізінде ата-аналардың балаларына шамадан тыс қамқор болуы, бала әлеміне шамадан тыс қамқор болу, бала әлеміне шамадан тыс араласу, ананың балаға жасаған басым қатынастары отбасындағы белгілі бір рөлдің үстем болуына негіз болатынын байқадық.

Түйін сөздер: ата-ана, ата-аналық қатынас, аутизм спектрі бұзылған бала, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, тәрбие, стресс.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-19