Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарындағы психологиялық қолдау қызметі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.02

Аннотация

Мақалада     Алматы     қаласы     мен     облысы     университеттеріндегі     психологиялық     қолдау қызметтерінің жұмыс атқару ерекшеліктері қарастырылады. Авторлар жоғары оқу орындарындағы студенттерінің қажеттіліктеріне сай менталды денсаулықты қолдау қызметтерін ұйымдастыру мен ұсынудағы ең жақсы тәжірибелерді анықтау үшін тиісті әдебиеттерді көрсетті.

Зерттеуге     тоғыз     университет     қатысты.     Олар     университеттер     мен     колледждердің консультациялық орталықтары директорлар қауымдастығының жыл сайынғы сауалнамасының сұрақтарына жауап берді (AUCCCD). Сауалнама университет туралы жалпы ақпаратты, психологиялық                  қолдау                       қызметі                                          туралы       ақпаратты, консультация                         қызметтерін            және қосымша қызметтерді қамтиды. Сонымен қатар мақалада университеттердің қазіргі таңда жасалынып     жатқан     психологиялық     қолдау     қыметтерінің     халықаралық     консультациялық қызметтер стандарттарына сәйкестігі қарастырылады (IACS). Зерттеу нәтижесінде Алматы университеттеріндегі психологиялық қолдау қызметтері дамып келе жатқаны анықталды. Олар университетте әртүрлі рөлдерді атқарады, жеке консультациялар өткізеді және өздерін онлайн және офлайн құралдары арқылы танытады.      Алматы өңірінде жоғары оқу орындарындағы қызметтердің штаттық құрамында 1-ден 4-ке дейін психолог жұмыс істейді; орташа есеппен 3800 студентке 1 психолог келеді. Яғни, қызметкерлердің саны мен сапасын арттыру – қызметтердің одан әрі дамудағы өсу нүктесі. Талдау көрсеткендей, негізінен, 1 курс студенттері көбірек психологиялық қызметтерге жүгінеді. Студенттердің ең көп кездесетін 4 мәселесі: қарым-қатынастағы қиындықтар, өзін-өзі бағалаудың бұзылуы, отбасы мен ата-ананың қарым-қатынасы және өзін-өзі анықтау мәселелері. Көптеген скринингтер бейімделуге (50%), мотивацияға (37,5%), мазасыздыққа (37,5%) және депрессиялық жағдайларға (37,5%) арналған. Қызметтердің 50%-ы өзекті мәселе суицидтің алдын алу бойынша ешбір бағдарлама мен ресурстарды ұсынбайды.

Түйін сөздер: психологиялық қолдау қызметі, консультация, жоғары оқу орны, Алматы, студенттер.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-19