Қазақстан мұғалімдерінің кәсіби бағдарлаудағы гендерлік аспектілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.07
        112 117

Аннотация

Бұл мақалада Teaching and Learning International Survey (TALIS) халықаралық зерттеу жобасының белгілі нәтижелері берілген. Зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бастамасымен жүзеге асырылуда. TALIS жобасының негізгі зерттеу бағыты меншік ны-санына қарамастан (мемлекеттік және жеке меншік мектептер) жалпы білім беретін мектептер-де жұмыс істейтін директорлар мен мұғалімдер болып табылады. Бұл жобаға әлемнің көптеген елдерінің қатарында Қазақстан да қатысуда. Бұл жұмыстың мақсаты – мұғалімдердің әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін, оның ішінде жасы мен жынысын зерттеу қажеттілігін көрсету. Бұл деректер еліміздің ұстаздарының жалпы портретін сипаттайтынымен қатар, барлық мәселелерді аталған сипаттамалар аясында зерттеп, түрлі әлеуметтік топтардың пікірлері мен бағаларын анықтау қажет. Екінші реттік деректерді талдау үшін SPSS сандық зерттеулердегі мәліметтерді өңдеуге арналған арнайы бағдарламаның статистикалық әдістері (жиілік, екі өлшемді, корреля-ция) қолданылды. TALIS-2018 жобасының мұғалімдеріне жүргізілген сауалнаманың нәтижелері мұғалімдік қызметте гендерлік тепе-теңдікке ұмтылу тұрғысынан оң тенденцияларды көрсетеді: жыныс бойынша жас топтарын талдау соңғы жылдары педагогикалық қызметке жас жігіттердің көбірек келетінін көрсетті. Мұндай талдау мұғалімдердің әртүрлі топтарының қажеттіліктері мен қалауларын есепке алуға мүмкіндік береді, осы ақпарат негізінде педагогикалық кадрларды да-ярлау және қайта даярлау, олардың қажеттіліктерін бағалау және жалпы алғанда, мақсатты түрде мұғалімдерге қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізу үшін басқару шешімдерін қабылдауға көмекші болады.

Түйін сөздер: гендерлік аспектілер, мамандық таңдау, мұғалім, халықаралық жоба, TALIS, мотивация, кәсіптік бағдар беру.

Жүктелулер

Как цитировать

Shabdenova А., & Nurymbetov, Y. (2023). Қазақстан мұғалімдерінің кәсіби бағдарлаудағы гендерлік аспектілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 84(1), 79–89. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.07