Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды интеллектісінің қалыптасу деңгейін диагностикалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.04
        115 354

Аннотация

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды интеллектісінің қалыптасу деңгейін диагностикалау мәселесі қарастырылады. Автор мектеп жасына дейінгі мектеп алды даярлық топ балаларының эмоционалды интеллектінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында «Эмоционалды сәйкестендірудің диагностикалық әдістемесі» (Е. И. Изотова), «Мінез-құлықты бағалау» (Т. Д. Марцинковская, М. Митр) және бақылау процесінде баланың эмоционалды интеллектісін сараланған бағалау сияқты әдістемелерді жүргізеді және диагностикалық зерттеу нәтижелерін талдайды.

Эмпирикалық зерттеу нәтижелері  мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды интеллектісінің даму деңгейі орташа және төмен екендігін көрсетті. Түзету-дамыту сабақтарының бағдарламасы құрылып, өткізіледі және ол оң нәтиже беретіндігін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі     мектеп алды даярлық балаларының эмоционалды интеллектін қалыптастыру  үшін әртүрлі эмоционалдық күйлерді білдіру, басқалардың эмоцияларын анықтау және түсіну, сондай-ақ мимикаларды дамыту үшін арнайы ұйымдастырылған сабақтарды жүйелі түрде өткізу, пантомимика және қимыл-қозғалыстың мәнерлілігі, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға қатысты ұсыныстар беріледі.

Түйін сөздер: эмоция, эмоционалды интеллект, ересек мектеп жасына дейінгі балалар, эмоционалды интеллекттің даму деңгейі.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-23

Как цитировать

Nogaeva А. К., Sangilbaev, O. S., & Baibekova, M. M. (2023). Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды интеллектісінің қалыптасу деңгейін диагностикалау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 84(1), 47–55. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.04