ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУДЕГІ СӘТТІЛІК ФАКТОРЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v82.i4.04
        96 135

Аннотация

Бұл зерттеу бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының магистранттары болып табылатын ересек студенттер үшін онлайн оқытудың табысты факторларын анықтауға бағытталған. Мәліметтерді жинаудың сандық және сапалық әдістері сәйкесінше пайдаланылды - онлайн сауалнама және жартылай құрылымдық онлайн сұхбат. Зерттеуге еліміздің 5 өңірінен 25 жастан асқан магистранттар қатысты. Осы мәселе бойынша әдебиеттерге шолу қазіргі заманғы онлайн оқытуда білім беру, адами, институционалдық және технологиялық факторлар мен табысты онлайн оқытудың компоненттері ерекшеленетінін көрсетті. Алынған деректер ақпаратты кодтаумен және мазмұнды талдау әдісімен көрсетілген маңызды факторларға сәйкес талданды. Ересек оқушылар үшін онлайн оқытудың табыстылығы үшін келесі маңызды факторлар анықталды: тұрақты онлайн оқыту ортасы, LMS оқытуды басқару жүйесінің дамуы, кредиттердің саны мен көлемі, мазмұнның сапасы-қолжетімділігі-тартымдылығы, сауатты бағалау, оқу мақсаттары мен оқудан күту арасындағы сәйкестік, ұйымдық коммуникациялар мен қолдау, әлеуметтік өзара әрекеттесу мүмкіндіктері. Тұрақты онлайн оқыту ортасында болу және мазмұн сапасы ересек оқушылар үшін онлайн оқытудың табыстылығының маңызды факторлары екені анықталды. Сондай-ақ факторлар арасындағы кейбір маңызды байланыстар анықталып, талқыланды.

Түйін сөздер: Онлайн оқыту, ересектерге арналған оқыту, магистранттар, онлайн оқытудың жетістік факторлары.

Жүктелулер

Как цитировать

Tazhina, G. O. (2023). ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУДЕГІ СӘТТІЛІК ФАКТОРЛАРЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 83(4), 36–46. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v82.i4.04