Қытайдағы мектеп оқушыларының мазасыздық пен психикалық денсаулығын талдау (Ішкі Моңғолия Автономиялық ауданындағы мектептер мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.03Аннотация
Мақалада Қытай Халық Республикасының Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы мектеп оқушыларының психикалық денсаулығын зерттеу тәжірибесі жайлы жазылған. Зерттеу мақсаты - әртүрлі сыныптардағы мектеп оқушыларының оқу мазасыздану көрсеткіштерін зерттеу және салыстыру, мектеп оқушыларының оқу мәселелері мен тұлғалық ерекшеліктері арасындағы байланысты зерттеу болды. Зерттеу әдістері ретінде екі әдіс қолданылды - психикалық денсаулық тесті MHT (Психикалық денсаулық тесті) және «Жасөспірім тұлғасының кіші бестігі» жасөспірім сауалнамасы. Жүргізілген зерттеуде 7-ші, 8-ші, 9-шы сыныптардан 420 оқушы қатысты, алынған деректер SPSS 23.0 арқылы талданды. Зерттеулердің нәтижесінде мектеп оқушыларының 57,6%-ы оқуға деген қатты мазасыздық сезімі байқалды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының жалпы психологиялық денсаулығы сау, жақсы болғанымен (40,87±17,68), білім алу процессіндегі мазасыздық көрсеткіштері және физикалық белгілер – айтылған екі фактор нормадан жоғары көрсеткіштер көрсетті. Ең жоғары оқу мазасыздық деңгейі 7-ші сынып оқушыларында байқалды, жоғары 8-9 сыныптарда көрсеткіштер төмен болды. Бұл жағдайды 7-ші сынып оқушылары орта мектеп табалдырығын енді аттағаны (ҚХР-да балалар бастауыш, орта және жоғары сыныптарда оқиды), сонымен қатар, қазіргі уақытта жаңа әлеуметтік – қоғамдық ортаға бейімделу және жаңа әлеуметтік қатынастардың құрылу мәселесімен бетпе-бет келуімен түсіндіруге болады. Зерттеу барысында мектеп оқушыларының оқу процессіндегі мазасыздық сезімі мен олардың эмоционалдық көрсеткіштері – невротизм немесе эмоционалдық тұрақсыздық арасында оң корреляция байқалды. Дегенмен, мектеп оқушыларының оқудағы мазасыздық деңгейі мен экстраверсия көрсеткіштері арасында теріс корреляция анықталды (p<0,01). Мектеп психологтары мен мұғалімдеріне балалардың мазасыздануының алдын алу бойынша ұсыныстар ұсынылады.
Түйін сөздер: мектеп оқушылары, оқу процессіндегі мазасыздық деңгейі, психикалық денсаулық, Қытай, мектеп психологі