Орталық Азия мектептері мен университеттерінің әйел-оқытушыларының психологиялық күйзелісі: Covid-19 пандемиясы жағдайында онлайн оқытуға көшудің салдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.014
        72 47

Аннотация

Бұл мақалада Орталық Азия елдеріндегі әйел-оқытушылардың COVID-19 жағдайында қашықтықтан жұмыс істеу кезіндегі психологиялық денсаулықтарында туындаған мәселелер мен оларға әсер еткен күйзелістерді әлеуметтік зерттеудің кейбір нәтижелері көрсетілген. Зерттеу жұмысын ҚазҰҚПУ «Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер» ҒЗИ БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының қаржылай қолдауы шеңберінде орындады. Эмпирикалық зерттеу мақсаты – Орталық Азия елдерінің ішіндегі Қазақстан мен Қырғызстанның жалпы орта білім, жалпы кәсіби білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінде қызмет ететін әйел-оқытушылардың пандемияға дейінгі және пандемиядан кейінгі күйзеліс деңгейлерін бағалау. Зерттеу жұмысының практикалық және ғылыми маңыздылығын Орталық Азиядағы әйел-оқытушылардың өмірлерінде орын алған күйзелістерді бағалаулауға, зерттеу нәтижелері мен ұсыныстарын осы күйзеліске байланысты мәсе- лелерді алдын алу үшін пайдалануды құрайды. Зерттеуге сәйкес әйел-оқытушылардың 53%-ы панде- мияға дейінгі кезеңде өздерінің күйзеліске ұшырауларының себептерін жұмыс жүктемесі және отба- сылық мәселелерімен байланыстырған, пандемиядан кейін бұл көрсеткіш 65%-ға дейін өскен. Зерттеу нәтижелерін пандемия, төтенше жағдайлар кезінде әйел-оқытушылардың психологиялық денсаулықтарына әсер ететін күйзеліс факторларын, гуманитарлық пәндерді зерттеушілер қолдана алады.

Түйін сөздер: Орталық Азия оқытушылары; COVID-19 және оқытушылар; психологиялық күйзеліс; әйел-оқытушылар; гендерлік теңдік; пандемия; қашықтықтан оқыту.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-08

Как цитировать

Bakytzhanova, A. A., & Salimzhanova, A. S. (2022). Орталық Азия мектептері мен университеттерінің әйел-оқытушыларының психологиялық күйзелісі: Covid-19 пандемиясы жағдайында онлайн оқытуға көшудің салдары. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 136–148. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.014