ЖОО білім алушыларының кәсіпкерлік белсенділігін зерттеу әдістемесін әзірлеу және бейімдеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.02
        83 103

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты – кәсіпкерлік белсенділіктің мазмұны мен құрылымын зерттеуге арналған әдістемені әзірлеу және бейімдеу. Сауалнамада қаржылық тәуелсіздік деңгейін, басқару дағдыларын және қоғамға қызмет ету тұрғысынан анықталатын кәсіпкерліктің әлеуметтік қырын өлшеуге мүмкіндік беретін үш негізгі шкала бар. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Білім алушылардың кәсіпкерлік белсенділік деңгейі» сауалнамасы әзірленді және

«Тұран» инновациялық-кәсіпкерлік университетінің студенттері үлгісінде бизнеспен айналысуды жоспарлайтын және бизнес иесі болып табылатындар қатарынан 162 білім алушы санында оның апробациясы жүргізілді. Сауалнама 3 блоктан тұрады. Бірінші блокта басқару құралдарын, стратегиялық тәсілдерді, жоспарлауды пайдалануға қатысты 12 мәселе ұсынылған. 6 сұрақтан тұратын екінші блокта респонденттерге бизнесті жүргізудің мақсаты болып табылатын қаржылық әл-ауқаттың қаншалықты басым екенін бағалау ұсынылады. Үшінші блокта бизнеске қоғам игілігі үшін қызмет ретінде қатынасты көрсететін 16 сұрақ берілген.

Ұсынылатын әдістеменің жақсы психометриялық көрсеткіштері бар. -Кронбахтың ішкі үйлесімділік коэффициенті үш шкала бойынша 0,74-тен 0,89-ға дейін. Зерттеу нәтижелері болашақта бизнесмен болуды жоспарлаған білім алушылар үшін қандай көрсеткіштерді және қаншалықты маңызды екенін бағалауға мүмкіндік берді. Ұсынылған үш шкаланың көрсеткіштері жаһандану жағдайында жас кәсіпкерлерге қажетті келісімдерге сәйкес келеді. Нәтижелер жас кәсіпкерлер аймақтың, қаланың, қоғамның, отбасының игілігі үшін және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нәтижелі жұмыс істеуге дайын деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Әдістемені әзірлеудің практикалық маңыздылығы жоғары оқу орындарының студенттері арасында кәсіпкерлік белсенділікті бағалау бойынша диагностикалық құралдарды кеңейту болып табылады.

Түйін сөздер: кәсіпкерлік белсенділік, қаржылық тәуелсіздік, қоғамға қызмет, басқару дағдылары.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-08

Как цитировать

Gerassimova, N. S., & Kassymzhanova, A. A. (2022). ЖОО білім алушыларының кәсіпкерлік белсенділігін зерттеу әдістемесін әзірлеу және бейімдеу. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 13–22. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.02