Қазақстандық мектеп түлектерінің жоғары білімді таңдауда әлеуметтік-экономикалық ұстанымдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.13
        117 114

Аннотация

Тәуелсіздік алғаннан бері 30-жыл ішінде отандық білім беру жүйесі институционалдық тұрғыдан трансформацияланды және бірқатар маңызды заңнамалық және қаржылық реформалар жүргізілді. Жоғары оқу орындарының саясаты соңғы он жылдықта студенттерді ақылы негізде қабылдауға бағытталды. Мақалада Қазақстанда әр түрлі әлеуметтік топқа жататын жастардың жоғары оқу орнын таңдау мен сапалы жоғары білім алу қолжетімділігін зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу барысында мектеп түлектерінің ата-анасымен сұхбат жүргізілді. Іріктеу жиынтығы 100 респондетті құрады. Отбасы құрамы әр түрлі болды: көпбалалы, ажырасқан, жалғызбасты ата-аналар, заңды некеде тұрғандар және т.б. Респонденттер әр түрлі мамандық иелері, білім деңгейі, әлеуметтік-экономикалық дәрежелері әр түрлі деңгейде. Зерттеу мақсаты – қазақстандық жастардың жоғары білімді таңдауда әлеуметтік-экономикалық басымдықтың қалыптасу үдерісін талдау. Бұл мәселені зерттеу Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгеріс динамикасын түсіну тұрғысынан маңызды. Алынған ғылыми нәтижелер әлеуметтік «әлсіз» топтарға жататын жастарға тән жоғары білім беру саласындағы қиындықтарды азайту және жоюда қажетті релевантты және сенімді ақпаратты қамтамасыз етеді. Қорытындылар мен ұсыныстар жоғары сынып оқушылары мен мектеп түлектері арасында профориентациялық жұмыстарды жоспарлауда, қабылдау комиссияның ақпараттық жұмысын ұйымдастыруда, білім беру саласында нормативтік және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуде қолданыс таба алады.

Түйін сөздер: жоғары білім беру, білім беру қолжетімділігі, экономикалық кедергілер,

жоғары оқу орнын, мамандық таңдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Shnarbekova, M. K. (2022). Қазақстандық мектеп түлектерінің жоғары білімді таңдауда әлеуметтік-экономикалық ұстанымдары. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 80(1), 147–154. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.13