Ш. Шварцтың базалық жеке құндылықтар теориясы мен әдістемесі негізінде қазақстандық студенттердің құндылық бағдарларын зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.01
        161 457

Аннотация

Бұл мақала Иерусалим университетінің профессоры Ш.Шварц ұсынған базалық жеке құндылықтар теориясы мен әдістемесі негізінде қазақстандық студенттердің құндылық бағдарларын зерттеуге арналған. Зерттеу нысаны – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері. Зерттеудің мақсаты -қазақстандық студенттердің құндылық бағдарларының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Мақсатқа жету үшін Google формалар платформасын пайдалана отырып, «Мәдени құндылық бағдарларын өлшеу әдістемесі (SVS – Schwartz Value Survey) арқылы қолданбалы эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін талдау негізінде, құндылық бағдарлары – адамның қарым-қатынас жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын, адамның әлемге, өзіне деген жалпы көзқарасын анықтайтын, жеке ұстанымдарға, мінез-құлыққа, іс-әрекеттерге мән мен бағыт беретін, жеке іс-әрекеттің бағыты мен мазмұнын сипаттайтын күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс деген қорытынды жасалды. Қазақстандық студенттерде қалыптасқан құндылықтар адамгершілік сана, адамгершілік іс-әрекеттер мен жеке адамгершілік (рухани) қасиеттер саласында толық көрінеді, бірақ соған қарамастан құндылықтар – идеалдар мен құндылықтар – басымдықтар арасында қайшылықтар бар.

Осылайша, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің арнайы пәні ретінде құндылық бағдарлар құбылысын қарастыру тек теориялық емес, эмпирикалық контексте де өзекті болып көрінеді. Мұндай талдау бүгінгі таңда елімізде соңғы күндері болып жатқан өзгерістерден туындаған жаңарып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени жағдайларда Қаақстан қоғамының одан әрі дамуы үшін ерекше өзекті болып табылады.

Түйін сөздер: студенттер, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер, құндылық бағдарлар, Қазақстан қоғамы.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Adilova, E. T., Aimaganbetova, O. K., & Sadykova, N. M. (2022). Ш. Шварцтың базалық жеке құндылықтар теориясы мен әдістемесі негізінде қазақстандық студенттердің құндылық бағдарларын зерттеу. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 80(1), 4–13. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.01