Жас жалғызбасты аналарды дағдарыс орталықтары жағдайында социореадаптациялау (Алматы қаласының мысалында).

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.11
        100 95

Аннотация

Бұл мақалада Алматы қаласында орналасқан дағдарыс орталықтары мен «Ана үйі» орталық- тары жұмысының өзектілігі қарастырылған. Жалғызбасты жас аналарды социореадаптациялау мәселесінде дағдарыс орталықтарының алар орны ерекше. Қазақстанда қиын өмірлік жағдайда қалған аналарды қолдау шараларына қоғамдық ұйымдар, жеке қорлар үлкен үлес қосуда. Мақаланың негізгі мақсаты – жас аналарға әлеуметтік-психологиялық қолдауды тиімді жүзеге асыру бойынша жұмысты шолу және қиын өмірлік жағдайдағы «Ана үйінде» жалғызбасты аналардың әлеуметтік бейімделуін талдау. Жас аналардың қоршаған ортаға қайта бейімделуін, балаға деген аналық махаббатының оянып, ата-аналық жауапкершілігін сезіндіру, білім алып, жаңадан мамандық немесе кәсіп игеруіне жағдай жасау, жұмысқа орналасу мәселесін шешуге ықпал етеді. Мақаланың зерттеу әдісі – дағдарыс орталықтары мен Алматыда орналасқан «Ана үйі» орталықтарының жұмысын талдау, дағдарыс орталықтарында тұратын жас аналарды бақылау, 18 анамен сұхбат жүргізу және 33 анадан сауалнама алу. Талдау барысында жас аналардың орталықта болу кезінде, әлеуметтік оңалту бойынша жұмыс істеу қағидаттары және кезеңдерімен таныстық. Талдау нәтижесінде қазіргі қоғамда жалғызбасты аналар мәселесін әлеуметтік жұмыс жүйесінде өз алдына қарастырудың қажеттілігі, дағдарыс орталықтарының жұмысына үкімет тарапынан қолдау көрсетудің маңыздылығы айқындалады. Орталық аналарға ана депрессиясын жеңу үшін аналарға өмірлік маңызды және мамандандырылған көмек көрсетеді, алайда жас аналардың қаржылық, медициналық, құқықтық, психологиялық, әлеуметтік көмекке, үздіксіз білім алуға, кәсіби дамуға, бала тәрбиесіне, тұрғын үйге, материалдық қамтамасыз етуге, қоғамдағы стигматизациядан арылуға қажеттілігі туралы қорытынды жасауға болады.

Түйін сөздер: жалғызбасты жас ана, «Ана үйі», әлеуметтік оңалту, ерте жүктілік, әлеуметтік жетімдік, социореадаптациялау.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-10-28

Как цитировать

Yelamanova, A. S., & Avsydykova, K. A. (2021). Жас жалғызбасты аналарды дағдарыс орталықтары жағдайында социореадаптациялау (Алматы қаласының мысалында). ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 78(3), 124–134. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.11