Банк секторының орта менеджерлерінiң эмоционалдық интеллектпен күйіп қалу синдромының қатынасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.06Аннотация
Мақалада Al-Hilal банкінің орта менеджерлерінің мысалында банк секторында жұмыс істейтін орта буын менеджерлерінің күйіп қалу синдромы мен олардың өзара байланыс үшін эмоционалды интеллектінің зерттеу нәтижелері сипатталған. Қазір жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің эмоционалды жағдайына, эмоциналдық интеллектiне көбірек көңіл бөледі. Қазақстандық ұйымдарда енгізілген персоналмен мұқият жұмыс пен ұйымдастырушылық психологияның арқасында қызметкерлермен диагностика мен оқыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады, бұл түзету мақсаттарын анықтауға мүмкіндігiн береді. Күйіп қалу синдромы
– қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі. Күйіп қалу синдромы мен орта буын басшыларының эмоционалды құзыреттілігі арасындағы байланысты анықтау үшін келесі әдістер қолданылды:
«Кәсіби (эмоционалды) күйіп қалу синдромы» Н. Водопянова мен Е. Старченкова бейімделген К. Маслач пен С. Джексонның методикасы, «ЭмИн» методикасы (Д.В. Люсин). Қарым-қатынасты орнату үшін Пирсон корреляция коэффициентінің есебі қолданылды. Зерттеу үлгісіне Al-Hilal Bank-тің 27 мен 42 жас аралығындағы 20 орта деңгейдегі менеджерлері кірді. Жүргізілген зерттеу респонденттердің эмоционалды интеллектінің көрсеткіштері, қызметкерлердің сарқылуға бейімділігі (эмоционалды және кәсіби), сондай-ақ осы айнымалылар арасындағы байланыс туралы жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: күйіп қалу синдромы, эмоционалды құзыреттілік, эмоционалды интеллект, орта менеджерлер.