Педагогикалық психология мәселелері жүйесінде оқу табысының талдауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.03Аннотация
Бүгінгі таңда университеттердегі студенттердің көпшілігі үшін оқу қашықтықтан өтеді. Білім берудің жаңа форматына көшуге 2020 жылы коронавирустық инфекцияның таралуы себеп болды. Бастапқы кезеңдегі қашықтықтан оқыту форматы көптеген қиындықтармен байланысты болды. Бұл білім беру ұйымдарының заманауи техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілмеуі, дәстүрлі білім беру форматындағы стереотиптердің үстемдігі, сондай-ақ онлайн режимінде жұмыс істеу тәжірибесінің толық немесе ішінара болмауы. Алайда, бұл мәселелер біртіндеп шешіліп, оқу процесі жақсарды. Бұл мақаланың мақсаты – студенттердің онлайн-форматта оқудағы жетістігі туралы эмпирикалық деректерге психологиялық талдау жүргізуге тырысу, атап айтқанда: оқу жетістіктерінің көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын қарастыру, сонымен қатар қашықтықта және дәстүрлі форматтарда білім беру үдерісінің тиімділігін салыстыру.
Мақаланың құндылығы жинақталған ақпаратта жатыр, олардың негізінде оқушылардың жетістік жағдайының өзгеруін, оқыту форматтарының әрқайсысының жағымды және жағымсыз жақтарын байқауға болады және қарастырылған мәліметтерді ескере отырып, аралас оқытудың тиімді форматын құру. Бұл мақалалар әдеби дереккөздерді талдау және бакалаврлар, магистранттар, сондай-ақ техникалық мамандықтар оқытушыларының сауалнамасы нәтижелері негізінде алынды. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орны – Сәтбаев Университетіндегі бір жылдық қашықтықтан оқудан кейінгі білім берудің қазіргі жағдайын көрсетті.
Түйін сөздер: педагогикалық психология, оқу жетістігі, дәстүрлі оқыту, қашықтықтан оқыту, жоғары білім, әлеует, техникалық студент, COVID-19.