Қарағанды медицина университетіндегі шетел студенттерінің онлайн оқудағы қиындықтары

Авторлар

  • G. Akhmetova Қарағанды Медицина Университеті, Қазақстан, Қарағанды қ. http://orcid.org/0000-0002-6768-6727
  • M. Sciala Жоғары білім беру мектебі, Назарбаев Университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.01
        106 64

Аннотация

2019 жылы наурызда әлемде орын алған індетке байланысты, Қарағанды медициналық университеті оқыту формасын оффлайн режимінен онлайн режиміне өзгертті. Шынында да, бұл Қазақстанның басқа оқу орындарының тәжірибесі болды. Университет әкімшілігі қашықтықтан оқыту режиміне көшу арқылы онлайн-оқытуды әр түрлі жолмен қолданғанына қарамастан, студенттер қиындықтарды өз бетімен жеңуге мәжбүр болды. Шын мәнінде, онлайн режимінде кездесулер өткізу үшін лицензияланған платформаларға қол жетімділікті қамтамасыз ету, шешімнің кішкене бөлігі ғана болды, ал студенттердің дербес білім алуға дайындығы басты кедергі болды. Осыған орай, аталған жұмыстың мақсаты шетел студенттерінің онлайн оқудағы қиындықтарын зерттеуге бағытталды.

Бұл сандық зерттеуде студенттердің сауалнамаға берген ашық жауаптарын талдау үшін конструктивті негізделген теория әдісі қолданылды. Демек, аксиалдық кодтау оқушылардың жауаптарының үзінділерін бір-біріне сәйкестендіру арқылы тұтас түсінік құру үшін қолданылды. Жалпы, бұл зерттеуге екінші және бесінші курс аралығында 147 студент қатысты. Сауалнама

16 сұрақтан тұрды, оның үшеуі демографиялық және google нысандарына сілтеме арқылы таратылды.

Зерттеу нәтижесі студенттер интернеттегі кездесулерге кететін уақытты қысқартуды және оларға өмірлік жағдайда медициналық дағдыларды қолдану мүмкіндігін беруді ұсынды. Сондай- ақ, студенттердің жауаптарының жиілігі олардың Интернетке қосылу сапасы үлкен кедергі болғанын көрсетті.

Түйін сөздер: онлайн оқыту, шетел студенттері, қиындықтар, сындарлы негізделген теория, Қазақстан.

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmetova, G., & Sciala, M. (2021). Қарағанды медицина университетіндегі шетел студенттерінің онлайн оқудағы қиындықтары. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 78(3), 4–15. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.01