Студенттердің бос уақытын өткізу тәжірибелері (қашықтықтан оқыту контексінде)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.12

Аннотация

Мақалада әлеуметтік ғылымдар, соның ішінде әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандықтары бойынша бакалавриатта білім алушы студенттердің бос уақытын өткізу тәжірибелері қарастырылады. Әсіресе қазіргі таңдағы пандемия, оқу процесіндегі өзгерістердің, атап айтқанда қашықтықтан оқытудың жастардың оқу процесінен тыс уақытын өткізу тәжірибелеріне ықпалына ерекше көңіл бөлінеді.

Зерттеу мақсаты – студенттердің бос уақытын өткізу және кітап оқу тәжірибелерінің ерекшеліктері мен құрылымын анықтай отырып, жастардың бос уақыттарын өткізу тәжірибелері өздерінің тұлғалық және кәсіптік қасиеттерін дамытуына оң ықпал етуі үшін бірқатар ұсыныстар әзірлеу.

Бұл зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы студенттердің бос уақытын өткізу тәжірибелерін, соның ішінде кітап оқу мәселесін жан-жақты қарастырылуымен байланысты. Шетелдік және отандық ғалымдардың осы тақырыпқа сәйкес жүргізілген зерттеулеріне әдеби шолу жасалынды. Бұл жұмыстың практикалық маңызы зерттеу мәселесімен сәйкес алдағы уақыттағы ғылыми ізденістерге негіз бола алатындығы болып табылады.

Жұмыста әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандықтары бойынша 1-4 курс аралығындағы студенттер арасында жүргізілген онлайн сауалнама нәтижелері келтірілген. Сауалнама нәтижесінде жастардың бос уақытын өткізу тәжірибелерінің құрылымы және оған әсер ететін негізгі факторлар анықталды. Сонымен қатар, студенттердің кітап оқу тәжірибелерінің қазіргі таңдағы көрінісі айқындалды.

Зерттеу жұмысының нәтижелері университеттердің студенттердің бос уақытын рационалды ұйымдастыруына, жастардың кітап оқу тәжірибелерін жақсартуға арналған іс-шараларды әзірлеуде, сонымен қатар жастар әлеуметтануы, жастармен әлеуметтік жұмыс сияқты пәндерді оқыту процесінде қолданыла алады.

Түйін сөздер: бос уақыт, бос уақытты өткізу тәжірибелері, кітап оқу тәжірибелері, хобби.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-07-11