Қазақстан мен Моңғолияның стратегиялары және білім беру программаларында инклюзивтік және цифрлық білім беруді психологиялық қолдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.09Аннотация
Мақалада цифрландыру жағдайында Қазақстан мен Моңғолияның білім беру бағдар- ламаларындаинклюзивтібілімберудіпсихологиялыққолдаудыңнегізгібағыттарықарастырылады. Авторлар Қазақстан мен Моңғолияның стратегиялары мен білім беру бағдарламалары елімізде және шет елде инклюзивті білім беру тәжірибесін арттыратын мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылату жайлы мәселелерді қарастырған.
Осы зерттеу аясында бастауыш мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (3 сынып оқушылары) білім беру мотивациясының, жеке қасиеттері мен қабілеттерінің кешенді диагностикасы жүргізілді. Бұл үшін Н.П. Фетискин, В.В. Козлов, Г.М. Мануйловтың әдістемесі бойынша оқу мотивациясы құрылымындағы басым мотивтерді анықтау әдісі, Кеттелдің тұлғалық сауалнамасы, Дембо-Рубинштейннің «Мен қандаймын?» әдістемесі қолданылды. Талдау нәтижесінде академиялық көрсеткіштер құрдастардың ақыл-ой қабілеттері мен беделін өзін-өзі бағалау үшін негіз болатындығы анықталды. Бұл оқушылар жеке қасиеттері мен зияткерлік қабілеттерін бағалаудағы үлгерім көрсеткіштерін басшылыққа алу тенденциясы, сыртқы бағалаудың өзін-өзі бағалауға әсері туралы мәліметтерді растайды.
Қазақстандағы инклюзивті білім беру – жаңа құбылыс. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларды: яғни, мигранттарды, оралмандарды, этникалық жағынан аз балаларды, әлеуметтік бейімделуді ерекше қажет ететін балаларды, қолдаудың барлық кезеңдерінде: диагностикалық, психокоррекциялық, дамытушылық жұмыстардың мәні ерекше екендігі негізделген.
Мақалада инклюзивті білім беру жайлы мәліметтер жалпыланған, зерттеу нәтижелері ұсынылған, сондай-ақ осы саладағы мамандардың жұмыстарына шолу жасалған.
Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, психологиялық бейімделу, индивидуалды ерекшеліктер, кәсіби стресс, психологиялық шектеулер, психикалық даму.