Құндылық мәселелерін зерттеуге арналған негізгі тәсілдер: шетелдік тәжірибе

Авторлар

  • Yu. N. Krasmik Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-9376-893X
  • O. Kh. Aimaganbetova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-2076-4422
  • L. N. Rogalyova Б.Н. Ельцин атындағы Урал Федералды Университеті, Ресей, Екатеринбург қ. *e-mail: juliakrasmik@mail.ru http://orcid.org/0000-0002-6870-9409

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.06

Аннотация

Мектеп жасына дейінгі қыздардың көркем гимнастика сабақтарына деген мотивациялық ерекшеліктері. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан Республикасында балалардың физикалық дамуы мен денсаулығының деңгейі айтарлықтай төмендеді. Сондықтан қазіргі кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дамуы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі қоғамның әлеуметтік тапсырысы болып табылады.

Көркем гимнастика сабақтары қыздардың ерте жастан бастап физикалық, психологиялық, эстетикалық дамуын мотивациялауы мүмкін, сондықтан көркем гимнастика секциясына қыздардың тіркелуі қазіргі уақытта 2,5 жастан басталып 5 жасқа дейін. Осылай ерте беру мектеп жасына дейінгі қыздардың спортпен айналысуға деген мотивациялық ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Әдебиеттерді талдау барысында Қазақстанда осы тақырып бойынша зерттеулердің жеткіліксіз екендігі көрінді, бұл зерттеудің қажеттілігін анықтады.

Зерттеудің мақсаты – мектеп жасына дейінгі қыздардың көркем гимнастикамен айналысуға деген мотивациясының ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттелетін тақырып бойынша жарияланымдарды талдауда мектеп жасына дейінгі қыздарға арналған көркем гимнастикамен айналысуға мотивацияны зерттеу бойынша Л.Н. Рогалева мен О.А. Циммерманның (2012) зерттеулері бар екендігін көрсетті, авторлар өз жұмыстарында жаттықтырушылар мен ата-аналардың мектеп жасына дейінгі балаларды спортпен айналысуға ынталандыру жөніндегі көзқарастарының қайшылықтарын атап көрсетеді.

Анықталған қарама-қайшылықтарға байланысты мектеп жасына дейінгі балаларды ынталандырудың негізгі мәселесі олардың мотивациясының тұрақсыздығы әр түрлі әлеуметтік- психологиялық факторлардың әсерінен туындайтындығы және жиі болжанбайтын түрде дамитыны көрсетілген.

Алматыда көркем гимнастикамен айналысатын орта жасы 5, 6 жасар, спортпен шұғылдану тәжірибесі 3-4 жыл мектеп жасына дейінгі 15 қыз қатысқан зерттеу барысында анықталғандай, спортпен шұғылдануға деген мотивация 75% жағымды эмоциялармен боялған, ал 25% қайғылы және бейтарап эмоцияларды (шоғырлануды) таңдайды, бұл олардың көркем гимнастика сабақтарындағы алаңдаушылықтарын немесе шиеленістерін көрсетеді.

Осылайша, мектепке дейінгі жастан бастап ата-аналар мен жаттықтырушылардың назары көркем гимнаст қыздардың эмоциялық күйі болуы керек, бұл олардың спортпен шұғылдануының басты критерийі деген қорытынды жасалды.

Түйін сөздер: мотивацияның ерекшеліктері, көркем гимнастика, мектеп жасына дейінгі қыздар, мектепке дейінгі жас, мотивация, теориялық және әдістемелік тәсілдер, шетелдік зерттеушілер және т.б.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-07-09