Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін қарым-қатынас арқылы дамытудың психологиялық маңыздылығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.02Аннотация
Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық (ес, зейін, ойлау) жоғарғы психикалық поцестерді қарым-қатынас арқылы дамытуға байланысты теориялық және эмперикалық тұрғыдан зерттеулердің нәтижелері көрсетілген. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерінің қарым-қатынас арқылы дамуын, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсетеді. Біздің зерттеуімізге 5-6 жастағы Нұр-бөбек балабақшасының (ересек топ), оның ішінде 29 ұл (51,8%) және 27 қыз (48,2%) – 56 тәрбиеленуші қатысты. Тақырыптың өзектілігі – мектепке дейінгі балалардың балабақшада жоғары деңгейде тәрбиеленуін арттыру, қарым-қатынас мәселесін жақсарту мен нәтижелер шығару болып отыр. Балада қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру кезеңдерін бақылай отырып, адамдардағы бастапқы бағдарлауды дамытудағы тәрбиелік рөлді, олардың жағдайын өрескел ажыратуды және тек жақын адамдармен ғана емес, сонымен бірге ересектер мен балалармен қарым-қатынас жасаудың тәсілдерін есте ұстаған жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестері мен коммуникативтік дағдыларын диагностикалау үшін әдістер батареясы таңдалды: 9 танымдық қабілеттерді бағалау әдісі, эмоционалды жағдайды бағалаудың 2 әдісі (эмоцияларды түсіну және мазасыздық деңгейін анықтау), және коммуникативті дағдыларды бағалайтын 2 әдісі. Қарым-қатынас индикаторлары мен таным процестері арасындағы байланысты талдау үшін Спирменнің корреляциялық коэффициенті қолданылды.
Түйін сөздер: танымдық процестер, қарым-қатынас, психика, бала, балабақша.