Бірінші курс студенттерінің жоғары білім беру жүйесіне бейімделуі (қашықтықтан оқыту контексінде)

Авторлар

  • A. K. Bolysbayeva Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.015
        142 309

Аннотация

Мақалада бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу мәселесі зерттеледі. Соның ішінде, әсіресе, пандемия салдарынан туындаған өзін-өзі оқшаулау кезінде орын алған қашықтықтан оқыту, яғни онлайн оқыту жағдайында жоғары мектептегі білім беру жүйесіне жаңадан қосылған студенттердің университеттік ортаға интеграциясына ерекше көңіл бөлінген. Зерттеу мақсаты – жастардың жоғары білім беру саласына бейімделуін  жан-жақты қарастырып, аталмыш процесс барысында туындайтын өзекті проблемаларды анықтап, студенттік өмірге бейімделуі нәтижелі, тез әрі өздеріне қолайлы өтуі үшін зерттеу барысында анықталған проблемалардың шешімін табу. Жұмыстың негізгі идеясы жастардың бірқатар тұлғалық және әлеуметтік орта факторларының, бейімделу әдістерінің олардың жоғары оқу орнына тез үйренісуіне ықпал ететінін дәлелдеп, бірінші курс студенттерінің академиялық ортаға қосылуын

оптимизациялау үшін ұсыныстар жасау болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына, студенттік өмірге бейімделу процесін жан-жақты зерттелуімен байланысты. Мақалада осы тақырыпқа арналған отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне қысқаша шолу жасалған. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болашақтағы осы тақырып аясындағы зерттеулерге негіз бола алатынымен байланысты.

Мақалада бірінші курс студенттері арасында жүргізілген онлайн сұрау нәтижелері көрсетілген. Мұнда студенттердің алғашқы оқу жылында үйренісу ерекшеліктері, сонымен бірге жоғары оқу орнына бейімделуіне тиімді әсер ететін әдістер мен факторлар анықталды.

Зерттеу нәтижелері болашақта университеттерде, институттарда, академияларда бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына, білім беру жүйесіне бейімделу бойынша бағдарлама әзірлеуде, сонымен бірге білім беру әлеуметтануы, жастар әлеуметтануы сынды пәндерді оқыту барысында қолданыла алады.

Түйін сөздер: бейімделу, бірінші курс студенттерінің бейімделуі, тәлімгерлік, тренинг, консультация, қашықтықтан оқыту.

Жүктелулер

Как цитировать

Bolysbayeva, A. K. (2021). Бірінші курс студенттерінің жоғары білім беру жүйесіне бейімделуі (қашықтықтан оқыту контексінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 76(1), 151–163. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.015