Тұлғаның психологиялық тұрақтылығы

Авторлар

  • Z. M. Sadvakassova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-0969-2942
  • А. H. Kussain Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.09
        185 132

Аннотация

Соңғы жылдары психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру проблемасы, әсіресе коронавирустық пандемия аясында өзекті болып отыр. Психологиялық тұрақтылық жеке тұлғаның қоғамға ойдағыдай бейімделуіне ғана емес, сонымен қатар тез қалпына келу және 

психикалық және физикалық денсаулық тұрғысынан қажетті форманы қабылдау қабілетімен анықталады. Жан мен тән бір-бірімен байланысты; өзін-өзі бақылау және осы механизмді түсіну адамға мақсатына қарай белсенді қозғалуға көмектеседі. Бұл проблема қазіргі кезде балалар үйінің түлектері үшін өте маңызды, олар әдетте қоғамға мүлдем дайын емес болып келеді. Бұл мақала балалар үйінің түлектерінің психологиялық тұрақтылығын дамыту проблемасын зерттеуге арналған. Оның мақсаты – осы процестің сәтті жүзеге асырылуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді табу. Осы мақсатты шешу үшін қоғамдағы балалар үйі түлектерінің әлеуметтенуіне және тәрбиеленушінің тұрақты мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ете отырып, екі кезеңнен тұратын зерттеу жүргізілді – теориялық және практикалық. Оның барысында психологиялық тұрақтылықты дамыту үшін кешенді оқыту бағдарламасы ұсынылды. Аналитикалық шолу тұрақты мінез-құлықты қалыптастырудың жолдары мен ерекшеліктерін анықтауға, сондай-ақ балалар үйінің балаларымен жұмыс жасау кезінде тұлғаның табысты әлеуметтенуіне және орнықты мінез-құлқына әсер ететін бірқатар тұжырымдамалық идеяларды анықтауға көмектесті.

Түйін сөздер: балалар үйінің тәрбиеленушілері, психологиялық тұрақтылық, оқу үдерісі, тұлғаны психологиялық тұрақты дамыту бағдарламасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Sadvakassova, Z. M., & Kussain А. H. (2021). Тұлғаның психологиялық тұрақтылығы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 76(1), 94–103. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.09