Құндылық мәселелерін зерттеуге арналған негізгі тәсілдер: шетелдік тәжірибе

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.06
        105 323

Аннотация

Бұл мақала құндылық мәселелерін зерттеудегі негізгі теориялық және әдіснамалық тәсілдерді анықтауға арналған. Мақаланың мақсаты – ежелгі философтардың еңбектерінен бастап, психологтардың заманауи зерттеулерімен аяқталған осы мәселеге қатысты шетелдік түсініктер мен көзқарастарды талдау. Құндылық мәселелері жөніндегі ғылыми философиялық көзқарас Г. Лотце, И. Кант, Г. Гегель және басқалардың негізгі идеяларын талдау арқылы ұсынылады. Құндылық мәселесі В. Дильтей, Э. Дюркгейм және басқалардың еңбектері ұсынған социологиялық зерттеулерді талдау тұрғысынан да қарастырылады.

Мақалада Э. Фромм,  К.  Роджерс,  А.  Маслоу,  Ф.М.  Рокич,  Г.  Олпорт,  Г.  Хофстеде, Г. Триандис және басқалардың көзқарастарына деген айтарлықтай жүйелеу қарастырылған. Ш. Шварц құрған құндылықтар тұжырымдамасын қарастыруға ерекше мән беріледі, себебі ол құндылықтарды зерттеуге түбегейлі жаңа көзқарас ұсынған болып табылады.

Сонымен, құндылық мәселелерін зерттеу философия, әлеуметтану және әсіресе психология тұрғысынан – құндылықтар, құндылық бағдарлары индивидтер мен қоғамдастықтардың мінез- құлқын реттеуші механизмдер, маңызды реттеушілер ретінде қарастырылуына болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Мақаланың практикалық маңыздылығы оның адамзаттың қазіргі кездегі бастан кешіп отырған жаһандық проблемаларына байланысты өзекті болып табылатын құндылық мәселелерін зерттеуге белгілі бір үлес қосатындығымен анықталады.

Түйін сөздер: құндылық мәселелері, құндылықтар, құндылық бағдарлары, теориялық және әдістемелік тәсілдер, шетелдік зерттеушілер.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Adilova, E. T., Aimaganbetova, O. K., & Madalieva, Z. B. (2021). Құндылық мәселелерін зерттеуге арналған негізгі тәсілдер: шетелдік тәжірибе. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 76(1), 59–73. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.06