Журнал туралы
«ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы» журналы 1993 жылы негізі қаланып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан шығарылып келеді.
Журнал заманауи психология мен әлеуметтанудың іргелі және қолданбалы мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулерді жариялауға маманданған. Басылымда әлеуметтік процестер, мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени трансформациялар жағдайындағы тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесуін талдауға ерекше назар аударылады. Журналдың ғылыми бағыты әлеуметтік өзгерістердің динамикасын, психологиялық ғылымның дамуын және әлеуметтік әрі психикалық құбылыстарды зерделеудегі пәнаралық тәсілдерді қамтитын өзекті теориялық және эмпирикалық зерттеулерге негізделеді. Сонымен қатар қазіргі заманғы әдіснамалық стратегиялар, зерттеу құралдарын валидациялау және психологиялық пен социологиялық зерттеулерге инновациялық практикаларды енгізу мәселелері маңызды орын алады.
«ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы» когнитивтік, тұлғалық, әлеуметтік-психологиялық және социологиялық үдерістерді, сондай-ақ әлеуметтік топтар мен институттардың қызмет етуі мен даму заңдылықтарын терең ғылыми тұрғыда түсіндіруге бағытталған түпнұсқа ғылыми мақалалар мен шолу еңбектерін жариялайды. Журнал қатаң рецензиялау талаптарын, бірізді редакциялық саясатты және ашық қолжетімділік қағидаттарын ұстана отырып, ғылыми негізділік пен академиялық адалдықты, сондай-ақ жарияланған материалдардың кәсіби ғылыми қауымдастық үшін кең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Жарияланым туралы мәліметтер
Шығу жиілігі: жылына 4 рет
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Рецензиялау және редакциялық саясат
Бастапқы қарау мерзімі: шамамен 4–6 апта
Рецензиялау: қос соқыр рецензиялау
Сараптамалық қараудың орташа мерзімі: орта есеппен 12–16 апта
Қабылдану үлесі: шамамен 30 %
Индекстеу және рефераттау
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті
- Қазақстандық дәйексөздер базасы (KazBC)
- Crossref
- eLIBRARY.RU
- Index Copernicus (ICI Journals Master List)
- DOAJ (Directory of Open Access Journals)
- EBSCO
- WorldCat
- ROAD (Directory of Open Access Scholarly Resources)
- CiteFactor
Журналдың тақырыптық бағыттары
- Жалпы және әлеуметтік психология саласындағы іргелі зерттеулер;
- Балалар психологиясы, отбасы және неке психологиясы;
- Қолданбалы психология бағытындағы зерттеулер (ұйымдастырушылық, спорттық, әскери, экономикалық психология және т.б.);
- Қазіргі әлеуметтанудың жалпы мәселелері;
- Қоғамдық өмір салаларының, әлеуметтік құбылыстар мен институттардың әлеуметтануы;
- Теориялық және қолданбалы әлеуметтану;
- Психология мен әлеуметтану саласындағы соңғы зерттеулердің нәтижелері мен олардың ғылыми талдауы.
Неліктен «ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және социология сериясында» жариялану тиімді?
Халықаралық редакциялық алқа — құрамына отандық және шетелдік жетекші ғалымдар енеді, бұл ғылыми сараптаманың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;
Қатаң рецензиялау жүйесі — тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен қос соқыр рецензиялау рәсімі қолданылады;
Ашық қолжетімділік — барлық мақалалар еркін қолжетімді, бұл ғылыми нәтижелердің кең таралуына мүмкіндік береді;
DOI беру және индексациялау — әрбір мақалаға DOI тағайындалып, ұлттық және халықаралық ғылыми дерекқорларда индекстеледі;
Пәнаралық ғылыми бағыт — журнал қазіргі қоғамның әлеуметтік-мәдени контексіндегі психологиялық және әлеуметтік процестерді талдауға бағытталған.









