Студент-психологтардың эмоционалды ұстамдылығы

Авторы

  • Г. Ж. Сарбасова
        67 394

Аннотация

Мақалада қарастырылып отырған мәселе қазіргі ЖОО-да білім алушы болашақ психологтарға бағытталған, себебі әрбір болашақ маман өзінің кәсіби сапаларын оқу үдірісінде дағдыландыруы қажет. Студент-психологтардың кәсіби іс-әрекеттеріндегі эмоционалды төзімділігі мен оның ғылыми тұрғыда зерттелу мәселелері орын алуда. Бұл тақырыптың қазіргі таңдағы өзектілігі студенттің жеке тұлғалық дамуындағы өзін-өзі тануы, өзін-өзі өзектендіруі, өзін-өзі басқара алуының ерекшеліктері эмоционалды төзімділігінің қалыптасуымен байланысқан. Ресейлік ғалымдардың зерттеулеріндегі нәтижелерге сүйене келе тұжырымдар жасалды. Эмоционалды ұстамдылық бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың ой-пікірлері, ғылыми зерттеу әдістері бойынша тұжырымдар жасалған. Психологиялық қызметтің бағыттары, принциптеріне сипаттама жасалды. Болашақ психологтарға эмоционалды ұстамды болуларындағы тұлғалық сапалары, мінез-құлқы, темпераменті арасындағы байланыстар қарастырылды. Психология саласында көптеген зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектерінде бөліп көрсеткен эмоционалды ұстамдылық сапалары мен критерийлері де көрсетілді. Мақаладағы қарастырылған мәселенің нәтижесі бойынша болашақ психологтардың өздерінің кәсіби іс-әрекеттерінде эмоционалды ұстамды бола білулері атқарар қызметтеріндегі ең маңызды сапа екендігі жайлы қорытынды шығарылды.

Түйін сөздер: эмоционалдық икемділік, кәсіби психолог, эмоциялық көрініс, эмоциялық аймақ, рефлексия, эмпатия, өзін-өзі тану, өзін-өзі тану, темперамент, эмоционалды тұрақтылық.

Загрузки

Как цитировать

Сарбасова, Г. Ж. (2018). Студент-психологтардың эмоционалды ұстамдылығы. Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии, 63(4). извлечено от https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/808