Жоғары оқу орындарындағы жастардың мамандық таңдау стратегиясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2019.v69.i2.016Аңдатпа
Студенттердің жалпы білім беру стратегиясын зерттеу барлық оқу жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Мұндай зерттеулер студенттердің оқу процесін ұйымдастыруды жеңілдетеді, жас ұрпаққа еңбек нарығына тез бейімделуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күні отандық ғылымда осындай зерттеулердің жетіспеушілігі байқалады, ал бұл өз кезегінде Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіне әсер етеді. Қазақстандық студенттердің білім беру стратегиясы туралы ақпараттардың шектеулі болуы осы мәселе бойынша біртұтас зерттеулер жүргізуге қызығушылықты тудырады. Мақалада эмпирикалық зерттеулерге, білім беру саласындағы жастардың мүмкіндіктеріне талдау беріледі, Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы жүйелік мәселелер көрсетіледі. Мақала мақсаты болып қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын жастардың мотивін анықтау арқылы стратегияларды анықтау табылады. Мақаланың зерттеу сұрақтары болып келесілер алынады: Қазіргі жастардың білім беруді таңдау себептері қандай? Жоғары оқу орындарында оқитындардың білім беру стратегияларына қанағаттануындағы қазіргі білім жүйесінің рөлі қандай? Білім және ғылым саласындағы студенттердің жоспары қандай? Ақпараттарды жинау сандық және сапалық әдістер кешенін қолдану арқылы жүргізілді. Бірінші жағдайда анкеталық сауалнама (1200 анкета) қолданылды, оған Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік университеттерінің студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты. Тереңдетілген зерттеу мен фокус топтық зерттеу магистранттар мен докторанттар арасында өткізілді. Респонденттерді іріктеу келесідей түрде бөлінді: студенттер – 60%, магистранттар – 30%, докторанттар – 10%. Бұл пропорция аталған әлеуметтік топтың бас жиынтығын сипаттамасын көрсетеді. Анкета ірі университеттерде (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-атындағы ҚаҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, Е.А.Бүкетов атындағы ҚарМУ), Қазақстанның ірі қалаларындағы үш университетте (Астана, Алматы, Қарағанда) өткізілді. Бұл қалалар мыңдаған жастарға білім алуға және олардың өмірлік мақсаттарына жетуіне мүмкіндік береді. Сандық зерттеулер нәтижесінің мәліметтері SPSS компьютерлік бағдарламасында өңделді және талданды. Мақаланың теориялық және тәжірибелік мәнділігі ғылым әлеуметтануы, білім әлеуметтануы саласының, білім беру және ғылыми бағдарламалардың, білім беру концепцияларын мәліметтерін байыту мен бұдан ары дамытуға әсер ететін тұжырымдалған қағидаларында болып табылады. Авторлар мақаланың зерттеу нәтижелерінде жастардың әрбір әлеуметтік тобының әртүрлі мотивтермен және нәтижелермен сипатталатын типтерін, сонымен бірге, білім беру стратегияларының әртүрлі деңгейіндегі факторлар кешенінің әсерін көрсетеді. Эмпирикалық мәліметтерді жинаудағы сандық және сапалық әдістерді кешенді қолдану қазіргі Қазақстан жастарының білім және ғылым стратегияларын анықтау үшін қажетті толыққанды ақпарат алуға көмектеседі.
Түйін сөздер: білімдік стратегия, студтент жастар, жоғары білім, мотивация.
