Студенттердің оқу іс-әрекеті мотивациясының ерекшеліктері
Кілттік сөздер:
мотивация, мотив, кәсіби мотив, коммуникативті мотив, эмоционалдық бағалау, мотивациялық сала.Аннотация
Бүгінгі таңда тұлға және тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің маңыздылығы – психо- логиядағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені, қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде, жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да, тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салсақ, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының, іс- әрекеттің негізгі кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Сондықтан да, қазіргі кезде студенттердің оқу іс-әрекеті және әрекеттің мотивациялық мәселелері кеңінен қарастырылуда. Мақалада мотивация, оқу іс-әрекетінің мотивациясы жайлы ұғымдарға анықтама берілген. Тұлға іс-әрекетінің доминантты мотивін анықтау барысында, тұлғаны субъект ретінде, оның интеллектуалдық-эмоционалдық-еріктік аумағының ерекшеліктеріне назар аударылған. Адамның рухани қажеттілігінің жоғары болуы – моральдық, интеллектуалды-танымдық мотивтермен түсіндірілген. Мотивациялық бағыттылықпен студенттің үлгерімі арасында жағымды байланыс бар екендігі анықталады. Үлгеріммен аса тығыз байланыста процесс пен нәтиже тұр, ал аз мөлшерде байланыс- та – «оқытушыға баға» деген бағыттылық алады. «Жағымсыз жағдайдан қашу» деген бағыттылық үлгеріммен мүлдем әлсіз байланыста. Оқу іс-әрекеті бірінші – ішкі мотивпен, екінші – сыртқы мотивпен (өзіндік жетілу, престиж, жауаптылық, парыз, жетістікке жету) анықталады. Оқумен қанағаттану, осы қажеттіліктің қанағаттануымен тығыз байланысты. Бұл қажеттілік студенттерді оқуға шоғырландырады және әлеуметтік белсенділікті көтереді. Оқуға сонымен қатар, қарым- қатынас және доминанттылыққа деген қажеттілік те әсер етеді, бірақ бір қалыпты емес. Іс-әрекеттің өзі үшін интеллектуалды-танымдық жүйедегі мотивтер қажет. Интеллектуалдық жүйедегі мотивтер– саналанған, түсінікті, шынайы әсер етуші болып табылады.Студенттердің оқу іс-әрекетінде міндетті түрде мотивтік құрылымның болуы – оның әрекетті орындаудағы жауапкершілігі, қызығушылығын арттыруда позитивті оқыту мотивациясын көтермелеудің негізі – оқыту процесінің нәтижелігінде көрініс табатыны дәлелденген. Оқу іс-әрекеті мотивациясының қызметтілігін анализдеуде міндетті түрде басымырақ қозғаушысын анықтай келе, мотивациялық сферадағы адамның барлық құрылымын ескеру керек. Сондықтан да, оқу іс-әрекетінің түрлі қайнар көздеріне ие болуына қарай полимотивтік болып табылады.
Библиографиялық сілтемелер
2. Ковалев В.И. Мотивы поведения и деятельности. – М.: Наука, 1998.
3. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: учебник. – 3-е изд. – М.: Гардарики, 1999.
4. Айсмонтас Б. Б. Педагогическая психология: учебное пособие. – М.: Московский городской психолого-педагогиче- ский университет, 2004.
5. Гордашников В.А., Осин А.Я Образование и здоровье студентов медицинского колледжа. – М.: Издательство «Акаде- мия Естествознания», 2009.
6. Пейсахов Н.М. Прикладная психология в высшей школе. – Казань,1979.
7. Якобсон П.М. Взаимоотношения детей в совместной деятельности. – М., 1976.
8. Зимняя И.А. Педагогическая психология. – М., 2000.
9. Самарин Ю.А. Психология студенческого возраста и становление специалиста // Вестник высшей школы. 1969. – № 8.
10. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения: дис…док. псх.наук. – М., 1998.
11. Сейтешов А.П. Профессиональная направленность личности: (Теория и праткика воспитания). – Алма-Ата: Наука, 1990.
12. Жарықбаев Қ.Б. Психология. – Алматы, 2000.
13. Дьяченко М.И. Психология высшей школы. – Минск, 2006.
1. Jurchuk v.v. sovremennyj slovar’ po psihologii. – M.: «sovremennoe slovo», 1998.
2. Kovalev v.i. Motivy povedenija i dejatel’nosti. – M.: Nauka, 1998.
3. vihanskij o.s., Naumov a.i. Menedzhment: uchebnik. – 3-e izd. – M.: Gardariki, 1999.
4. ajsmontas b. b. Pedagogicheskaja psihologija: uchebnoe posobie. – M.: Moskovskij gorodskoj psihologo-pedagogicheskij universitet, 2004.
5. Gordashnikov v.a., osin a.Ja obrazovanie i zdorov’e studentov medicinskogo kolledzha. – M.: izdatel’stvo «akademija estestvoznanija», 2009.
6. Pejsahov N.M. Prikladnaja psihologija v vysshej shkole. – Kazan’,1979.
7. Jakobson P.M. vzaimootnoshenija detej v sovmestnoj dejatel’nosti. – M., 1976.
8. zimnjaja i.a. Pedagogicheskaja psihologija. – M., 2000.
9. samarin Ju.a. Psihologija studencheskogo vozrasta i stanovlenie specialista // vestnik vysshej shkoly. 1969. – № 8.
10. Dzhakupov s.M. Psihologicheskaja struktura processa obuchenija: dis…dok. psh.nauk. – M., 1998.
11. sejteshov a.P. Professional’naja napravlennost’ lichnosti: (teorija i pratkika vospitanija). – alma-ata: Nauka, 1990.
12. zharyқbaev Қ.b. Psihologija. – almaty, 2000.
13. D’jachenko M.i. Psihologija vysshej shkoly. – Minsk, 2006.