СТУДЕНТТІК ЖАСТА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУҒА ТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v88.i1.02
        207 124

Аннотация

Мақалада өзін-өзі бағалаудың табандылық, оптимизм, белсенділік және жауапкершілікпен байланысы қарастырылады. Авторлар өзін-өзі бағалауды жақсарту үшін оны тереңірек зерттеу үшін ғылыми әдебиеттерге талдау жасады. Бұл зерттеудің өзектілігі өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бейнелеуді қалыптастыратындығымен, мінез-құлықтың маңызды реттеушісі болып табылатындығымен және жеке өмірдің барлық салаларына әсер ететіндігімен анықталады. Өмір сапасы, тиімділік және жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы оған байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты, өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктерін, табандылықпен байланысын зерттеу және оның әлеуметтік-психологиялық факторларын анықтау.

Зерттеуге Қазақстанның алты университетінен 18 - 23 жас аралығындағы 200 студент қатысты. Бес диагностикалық әдіс қолданылды: М. Розенбергтің өзін-өзі бағалау шкаласы (Rosenberg's Self-Esteem Scale); Оптимизм және белсенділік шкаласы, AOS; Карвер-Уайт сауалнамасы, BIS/BAS; Бақылау локусын зерттеу (Роттер); Hexaco Pi-R60 сауалнамасы. Зерттеу нәтижелері, өзін-өзі бағалаудың оптимизм, белсенділік, байланысқа бейімділік және жауапкершілік сияқты көрсеткіштермен байланысын көрсетті. Спорт, өзіне сену, ата-ананың қолдауы, сыртқы келбеті мен оқуға қанағаттану, оқу үлгерімі, суицидтік ойлар және жалғыздық сияқты факторлардың өзін-өзі бағалауына әсері. Эмпирикалық талдауға сәйкес, респонденттердің өзін-өзі бағалауды асыра бағалауға бейімділігі анықталды. Мақалада студенттердің ерекшеліктері, олардың құндылықтары және басқа көрсеткіштері қарастырылады. Зерттеу көрсеткендей, студенттердің 23,5 пайызы өздерін жалғыз сезінеді, дәл осыншама студент, өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлайды.

Осылайша, бұл зерттеу өзін-өзі бағалау және оның басқа психологиялық факторлармен байланысы туралы жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Ол өзін-өзі бағалаудың өзіндік имиджін және жеке мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлін түсінуге ықпал етіп, сондай-ақ студенттердің өзін-өзі бағалауымен жұмыс істеудің психологиялық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеу үшін практикалық құндылық болып табылады.

Түйін сөздер: өзін-өзі бағалау, өзіне сену, оптимизм, белсенділік, табандылық.

Авторлардың биографисы

Н. Әуелбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

(корреспондент автор) – жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы, e-mail: nazgul_auelbekov@mail.ru

Н. Ахтаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

психология ғылымдарының докторы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы, e-mail: nadiyans@mail.ru

Д. Клепиков, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Қазақстан, Алматы

Клиникалық фармакология кафедрасының докторанты, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан, Алматы, e-mail: klepikov.d@mail.ru

З. Садвакасова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ., e-mail: zuhra76@mail.ru

Х. Абдурахмонов, Ташкент фармацевтикалық институты, Өзбекстан, Ташкент

философия ғылымдарының докторы, әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті, Ташкент фармацевтикалық институты, Өзбекстан, Ташкент, e-mail: hasanabdurahmonov1991@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Әуелбекова N. ., Ахтаева N. ., Клепиков D. ., Садвакасова Z. ., & Абдурахмонов H. (2024). СТУДЕНТТІК ЖАСТА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУҒА ТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 88(1), 16–27. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v88.i1.02