«СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ЖАСТАРДЫҢ УНИВЕРСИТЕТТІК КЕҢІСТІККЕ БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.07
        181 136

Аннотация

2014 жылы Қазақстанда «Мәңгілік Ел жастары-индустрияға! » - «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарламаның мақсаты Қазақстанның оңтүстік облыстарынан ауыл жастары қатарынан мамандар даярлау болып табылады. Түлектердің жұмысқа орналасу деректеріне сүйене отырып, мемлекеттік бағдармаламаның басты талабы орындалмайтындығын байқадық. Жүргізілген зерттеудің мақсаты ол «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойыша білім алып жатқан жастардың университет кеңістігіне әлеуметтік мәдени бейімделулерінің ерекшеліктері.

Әдебиеттерге талдау жасау барысында, елімізде халықты тығыз орналасқан аймақтардан солтүстік аймақтарға көшіру, соның ішінде «Серпін» мемлекеттік бағдарламасына қатысқандардың өмірінде орын алатын қиындықтар, жас отбасыларды қолдау және қорғау мәселелері қарастырылмаған.

Зерттеуге мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын Павлодар педагогикалық университетінің, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бірінші курс студенттері қатысты. Фокус-топтық зерттеу барысында келесі мәселелер көтерілді: «Серпін» бағдарламасына қатысуға түрткілер және оның шарттарын орындау, білім алушылардың білім сапасына қанағаттану деңгейі, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы, жатақханада тұру жағдайлары, бос уақытты ұйымдастыру.

Зерттеу барысында мемлекеттік бағдарламаның келесі тиімді жақтары анықталды: білім беру грантына қол жеткізу, жатақханада орналасу, жұмысқа орналасу. Сонымен қатар, жастардың студенттік өмірінде шешімін таппаған сұрақтарда жеткілікті, Мысалы, оқу ғимраттарында тамақтану, жатақхана мен тұрмыстық жағдайларды жақсарту және т.б.

Бұл жұмыс жастардың жоғарғы оқу орындарының жағдайлары мен жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу мәселелерін зерттеуге өз ықпал тигізеді. Жүргізілген талдау мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін және тараптардың (жоғары оқу орындары мен студенттердің) келісім-шарт талаптарын орындауға қатысты жауапкершілігін тереңірек зерттеуге негіз бола алады. Сонымен қатар, зерттеу қорытындылары мен берілген ұсыныстар жоғарғы оқу орындарының жастар ұйымдарының жетекшілеріне пайдалы болып келеді.

 Түйінді сөздер: бейімделу, ЖОО, білім беру гранты, білім алушылар, «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Beissenova, A. . (2023). «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ЖАСТАРДЫҢ УНИВЕРСИТЕТТІК КЕҢІСТІККЕ БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 87(4), 66–74. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.07