ХХІ ғасырдағы жаңа дін: Пьер Бурдье әлеуметтануындағы «датаизм» түсінігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.012Аннотация
Мақалада датаизм туралы болжам жасауға талпыныс жасалынып, осы түсінікке қатысты түрлі қарама-қарсы пікірлерге назар аударылып, оны адамзатқа проблемалық қауіп ретінде қабылдау үрдісі көрсетіледі. Датаизм нақты діни белгілер, алгоритмдерге сенім мен сенімді құру, мамандар тобын құру және символдық күштерді жинақтау тұрғысынан қарастырылады. Пьер Бурдьенің дін әлеуметтануы – датаизмнен туындайтын дүниетанымдық көзқарастарды, сенімдерді және моральдық өсиеттерді зерттеу үшін қолданылатын теориялық негіз болады. Өз кезегінде, виртуалдылық пен цифрлық тәжірибелер әлеуметтануда қолданылатын дәстүрлі әдет-ғұрып концепциялары мен диспозицияны сыни қарастырып, бұл мұндай тұжырымдамалық негіздің кейбір гносеологиялық және әдіснамалық аспектілерін қайта анықтауды талап етеді. Да-таизм бейтарап ғылыми теория ретінде бастау алып, бірақ қазір ол дұрыс пен бұрысты анықтауды талап ететін дінге айналады. Бурдьенің діни құбылыстарды зерттеу үшін қолданатын әдіс рухани қажеттіліктерді (діни қызметкерлерінің құрамы, габитустың халық арасында таралуы және діни және діни емес аймақтар арасындағы қарым-қатынас) тудыратын және қамтамасыз ететін алго-ритмге сеніммен байланысты дүниетанымды және ақпарат бостандығы догмасынан туындайтын моральдық талаптарды датаизм ұғымымымен түсіндіреді. Сонымен бірге, діни басқармаларды институттандыруға қатысатын субъектілерді, салт-жоралар мен әдет-ғұрыптарды орындайтын орындар мен уақытты, технологиялық құрылғылардың әрекеттерін одан әрі нақтылау мәселесі көтеріледі. Автор датаизмнің дін ретінде концептуализациясын қолдайды. Өйткені ол қоғамды өзгертуге қабілетті нанымдарды, доктриналарды және тәжірибелерді қоздыратын элементтерді ұсынады және датаизмдегі одан әрі теориялық немесе эмпирикалық зерттеулерді бағыттау үшін түсініктермен бөліседі.
Түйін сөздер: Бурдье, датаизм, дін, виртуалдылық, цифрлық тәжірибелер.