ЖОО студенттерінің өзіндік тиімділігі: cипаттамалық зерттеу

Авторлар

  • N. A. Kudusheva «Тұрaн» Унивeрситeтi, Қaзaқстaн, Aлмaты қ.
  • I. K. Amanova «Тұрaн» Унивeрситeтi, Қaзaқстaн, Aлмaты қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.08
        121 119

Аннотация

Мақалада психология ғылымындағы өзіндік тиімділік феноменіне қызығушылықтың артуына байланысты ғылыми зерттеулердегі өзіндік тиімділікті зерттеу бағыттары қарастырылады. Бұл мақаланың мақсаты студенттердің өзіндік тиімділігін зерттеу. Өзіндік тиімділік феноменінің басқа психологиялық құбылыстармен, мысалы, табысқа жету мотивациясы және сәтсіздіктен аулақ болу, тұлғаның өзіне сенімділігі сияқты өзара байланысын ашатын зерттеулерге, жалпы өзіндік тиімділік ерекшеліктеріне арналған зерттеулерге баса назар аударады. Өзіндік тиімділік ұғымының мәні, оның құрылымы, жоғары оқу орындарының болашақ түлектерін даярлаудағы өзіндік тиімділіктің рөлі, сондай-ақ университетте оқу кезінде студенттердің өзіндік тиімділігін дамыту мүмкіндіктері қарастырылады. Студенттердің жалпы  өзіндік  тиімділік  деңгейін, пәндік және коммуникативтік әрекеттегі өз тиімділігін бағалаудағы ерекшеліктерін анықтау мақсатында тұлғаның жалпы өзіндік тиімділігі шкаласы (Р. Шварцер, М. Ерусалем, В. Ромекпен бейімделген нұсқасы); Дж. Маддукс және М. Шеердің өзіндік тиімділік деңгейін анықтау тесті (Л.Р. Кричевский басшылығымен жасалған Л. Бояринцеваның модификациясы), әдістемелері жүргізілді және зерттеу нәтижелері көрсетілді. Зерттеу студенттердің өзіндік тиімділігінің белгілі бір сипаттамаларын және нақты проблемалық аспектілерін айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелерінің статистикалық өңдеуі мен талдауы университетте оқу үрдісінде студенттердің өзіндік тиімділігін дамыту іс-шаралары тиімді болғандығын көрсетті. Психология мамандығының әр түрлі курстарында оқитын студенттердің өзіндік тиімділігін бағалау ерекшеліктері салыстырылып сипатталған. Мақалада зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі ғана емес, сонымен бірге психолог-студенттеріне кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында ұсыныстар әзірлеу үшін кәсіби сенімдер мен өзіндік тиімділікті одан әрі зерттеудің маңыздылығы дәлелденген.

Түйін  сөздер:   тұлғалық  өзіндік  тиімділік,  студент-психолог,  пәндік  өзіндік  тиімділік, коммуникативтік өзіндік тиімділік.

Жүктелулер

Как цитировать

Kudusheva, N. A., & Amanova, I. K. (2021). ЖОО студенттерінің өзіндік тиімділігі: cипаттамалық зерттеу. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 76(1), 85–93. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.08