Инфографика бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу құралы ретінде

Авторлар

  • E. K. Kalimbetova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. B. Ilesbay Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JPsS.2020.v72.i1.12

Аңдатпа

Бұл мақала инфографиканың бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу құралы ретінде теориялық шолуға арналған. Атап айтқанда, инфографика ықпалының балаларға, олардың ерекшеліктері мен ұғымдарына үлкен көңіл бөлінді. Сондай-ақ негізгі ұғымдардың негізгі өзекті сипаттамалары: оқытуды процесс ретінде сипаттау, ақпаратты меңгеру тәсілі ретінде инфографика тиімділігін талдау, өткізілген сабақтың қорытындысын шығару, мұғалімнің құзыреттілігінің сабақта тиімді қолдануға әсерін анықтау, ақпараттық-техникалық жабдықтарды жүйелі түрде пайдалану, оның бастауыш мектеп жасындағы балаға оң әсерін бағалай отырып, дәстүрлі құралдар мен әдістерді қоспағанда, пән бойынша оқыту жүйесінде тиімді әдісті анықтай отырып, технологиялық тәсілді іске асыруы балалардың белсенді болып, танымдық дербестік сезімдері күшейтіледі. Төменде берілген ақпарат лексика-грамматикалық дағдыларды өзектендіру және бекіту ғана емес, сонымен қатар әмбебап оқу іс-әрекеттерін жасауға мүмкіндік береді, өйткені оқушы оқу, сөйлеу, жазу және мәтінді түсіну дағдыларын меңгереді. Қосымша дайын ақпаратты алуға қол жетімділік және оқушыларға материалды өз бетімен алуға және оны түсіндіруге мүмкіндік туралы жазылған. Осылайша, инфографиканың вербалды және графикалық құраушылары оны заманауи мектептегі сабақтарда оқытудың ыңғайлы және қызықты нысаны етіп жасайды.

Түйін сөздер: инфографика, ақпараттық коммуникативтік технологиялар, графиктер, диаграммалар, схемалар, кестелер, мектеп білімі, жасөспірімдер, оқушылар, электронды кітап.

Жарияланды

2020-04-14